news-img

Алматы қаласында «Қауіпсіздікті қамтамасыз етумемлекет пен қоғамның рөлі» атты II қазақстан-француз форумы өтті. Қазақстан мен Франция сарапшылары және ғалымдарының, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен үлкен сұхбаттасу алаңын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдау көрсетті.

Сондай-ақ форумға Еуропалық одақтың сарапшылары, Қазақстанның және Францияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, дипломатиялық корпустың және еуропалық ғылыми орталықтардың өкілдері, белгілі қазақстандық және шетелдік қоғам қайраткерлері қатысты.

Форум қатысушыларына Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев,  Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми,  Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов,  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Форум Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Сорбонна-Қазақстан Институтының оқушылары – студент жастар мен қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың арасындағы сұхбаттасу алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Әлеуетті құрылымдардың қызметін, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және демографиялық аспектілер сұрақтарын қарастыру контекстіндегі форумның өзектілігін атап өткен заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов:

— Тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік төңкерістердің көбінесе тиімді құралы құқықтық нормалар мен институттарды манипуляциялау болып табылады. Экстремистік күштер өз мақсаттарына қол жеткізу үшін сол немесе басқа мемлекеттік институттардың өкілеттілігін қоғамдық санада бұзатын әрекеттерді жиі таңдайды. Осыған байланысты заңдылықты (әсіресе конституциялық) қатаң сақтауды қамтамасыз етудің рөлі мен маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәрбиесі әсіресе артады. Осылайша қоғам заңды мінез-құлықты құқықты теріс пайдаланудан оңай айыра алады, – деді.

Форум келесі бағыттар бойынша өтті: құқықтың үстемдік құруы және қауіпсіздік; ұлттық мүдделерді алға жылжыту және экономикалық дипломатия; қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа факторы ретінде сандық жүйеге көшіру; білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік; экономикалық, қаржылық қауіпсіздік  және жаһандану жағдайындағы бизнес; жастар алаңы.

Құқық және қауіпсіздік саласындағы беделі жоғары мамандар баяндама жасады және өздерінің дағдыларымен әрі білімдерімен қызығушылық танытқан жастармен бөлісті. Олардың тәжірибеден алған істері болашақ заңгерлерге, құқық қорғаушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге қызмет барысында кездесуі мүмкін күрделі сұрақтарды шешуде үлкен көмек болады.

Форум Сорбонна-Қазақстан Институтының үздік түлектеріне ИНАЛКО (Сорбонна университеті) президенті Манюэль Франктың дипломдар табыстау салтанатты рәсімімен аяқталды.

Түсініктеме қалдыру