news-img

26 сәуір күні Алматы қаласында «Тірегі сендер елімнің» атты  V республикалық студенттік фестиваль аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтеді. Фестивальдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры болып табылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жас оқушыларды ғылым кеңістігіне тарту.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодардан келген жеті жоғары оқу орнының өкілдері еліміздің ең үздік студенттік командасы  атағы үшін таласады. Олимпиаданың байқау тапсырмалары тізімінде – дене дайындығы бойынша президенттік тесттер, жалпы білім білім беретін пәндер бойынша тест тапсыру, студенттік өмір туралы бейнероликтер көрсету және «Миллионға татитын идея» инновациялық жобаларды таныстыру.

7 наурыз бен 2 сәуір аралығында өткен іріктеу кезеңінің шарты бойынша ақтық кезеңге 20 командадан жеті студенттік команда өтті. Олар келесі оқу орындарынан: Каспий Университеті («Caspian`s age» командасы), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті («Phoenix» командасы),  Л. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті («Resonance» командасы), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті («Адреналин» командасы), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы («Генераторы» командасы), «Тұран» Университеті («Креатив» командасы) және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті («Технолог» командасы).

Олимпиаданың негізгі және ең қиын тапсырмасы – «Миллионға татитын идея» инновациялық жобаларын қорғау. Қатысушыларға жас кәсіпкердің немесе стартапердің рөліне еніп, өздерінің бизнес-жобаларын құзыретті әділ қазылар алқасы алдында қорғаулары керек. Жобаның идеясы жаңашылдық болуы және жастарға бағытталуы керек. Студенттер әділ қазылар алқасының алдында өз жобаларын инвесторлар алдында жасағандай етіп ұсынулары керек. Сондықтан жобаның орындалу мерзімдері анық, сметасы негізді, жылжыту арналары және пайда болжамдары болуы тиіс. Ең бастысы, жобаны нақты іске қосу құны миллион теңгеден аспауы тиіс. «Миллионға татитын идея» байқауының барлық критерийлеріне сәйкес келетін жобаның авторлары, оны жүзеге асыруға бір миллион теңге көлемінде грант алуға мүмкіндіктері бар.

Командалар атмосфералық су генераторы, ұлттық азық-түлік өнімдерін өндіру, қаржы сауаттылығын арттыру үшін үстел ойыны, өсімдік қабырғасы, жекелеген қоқыстарды бөлектеп  жинау жүйесі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге аналған сайт және салауатты тамақтану буфеті сияқты жобалармен қазылар алқасының мүшелерін таң қалдыруға дайын.

Олимпиаданың барлық тапсырмаларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік студенттік командасы анықталады. Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша қосымша ынталандырулар да қарастырылған.

«Тірегі сендер елімнің» фестивалі қаланың әртүрлі алаңдарында өткізілетін, толық бағдарламасы бар іс-шаралардың ғылыми марафонын көрсететінін естеріңізге саламыз. Каспий университетінде «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» атты студенттік конференция өткізілді, «Тұран» университетінде «Маркетинг және логистикадағы сандық технология» атты workshop ұйымдастырылды, және дәл сол жерде пікірталас турнирі өткізілді.

Түсініктеме қалдыру