news-img

Жас әрі талантты музыканттар Әлия Адамова мен Жамбыл Балтабаев Франциядан үлкен жеңіспен оралды. Онда, Монсо-Ле-Мин қаласында, аккордеоншылардың І халықаралық конкурсы өткен болатын. Керемет сайысқа қатысу үшін, қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорынан сапар шегуге грант ұтып алды. 

— Аккордеондық өнердің әлемі өте кең. Баян мен аккордеонда орындаушылықты дамытуға ынталандыратын әр түрлі конкурстар мен фестивальдар бар. Мұндай деңгейдегі конкурстар зор тәжірибе, сондай-ақ аккордеондық өнер мэтрларының концерттері мен шеберлік сабағына бару мүмкіндігін береді. Қазақстанда бұл бағыт әлі даму сатысында, және, бізге, студенттерге, осындай конкурстарға қатысу, қазақстандық орындаушылық мектебінің деңгейін көрсету өте маңызды. Бұл конкурс біздің дуэтіміздің шығармашылық өсуіне үлкен серпіліс берді,- дейді  Жамбыл Балтабаев.

Франциядағы конкурс, шынымен де балалар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Біріншіден, әділ-қазылар алқасы жүректі жаулады. Конкурс қатысушыларының өнерлерін ең жоғары деңгейдегі жұлдыздар- Бельгиядан келген Патшалық музыка академиясының профессоры Оливье Доуэз, халықаралық конкурстардың лауреаттары Доминик Эморин, Жан-Этьен Сотти, Александр Гатауллин, итальяндық сазгер Ренцо Руджери бағалады. Ал екіншіден, Италия, Португалия, Франция, Польша, Бельгия және Ресейден келген мықты бәсекелестер жеңіске деген шабытты арттырды.

Жамбыл мен Әлия кәсіби қазылар алқасына түрлі дәуірлер мен жанрлардың туындыларын ұсынды. Ал қазақстандық дуэттің визит карточкасы композитор Кеңес Дүйсекеевтің  «Төкпе күй» стилінде жазылған «Токката» пьесасы болды. Өте жарқын және харизматикалық тандем ешкімді бей-жай қалдырмады, және байқау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды.

Біз музыканттарды жеңісімен құттықтаймыз және өнер әлемінде жаңа жаңалықтар тілейміз!

Түсініктеме қалдыру