Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшыларының І фестивалі жалғасуда
Алматыда 22 және 23 тамыз күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастырған «Central Asia Youth Festival» І Орталық Азия жастары фестивалі өтіп жатыр. Екі күн бойы қатысушылар жоо-ны аяқтағаннан кейінгі кәсіптік бейімдеу, балама білім беру, ІТ-технологияларды дамыту, волонтерлік, миграция, бұқаралық спорт полиэтникалылық мәселелері бойынша пікір таластырады. Фестивальдің басты мақсаты – Орталық Азия аумағының жас көшбасшылары үшін тұрақты диалог алаңын құру. Бірінші Central Asia Youth Festival-ге жеті елден 400-ге жуық жастар жиналды.
— Орталық Азияда алғаш рет жастарға арналған диалог алаңы болуға арналған осындай ауқымдағы жастар фестивалі өтуде. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының арқасында бұл шара шындыққа айналды, — дейді ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша Кеңес Мүшесі Уәлихан Бахретдинов.
Панельдік сессия шеңберінде қатысушылар саяси және қоғам қайраткерлерімен, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен, спортшылар мен жастар белсенділерімен бірге әр түрлі салалардағы жастардың мәселелерін көтереді.
— Мен үшін бұл жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланғандықтан ғана емес, сонымен қатар бұл іс-шаралар әрдайым жігерлі қарқынмен өтіп, болашаққа деген сенім ұялататындықтан жастар мәселесі бойынша жұмыс жүргізу әрқашан үлкен құрмет, — дейді Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм. — Мен жас кезімде осындай іс-шараларға қатысқанмын, олар маған осы жолға тұруға көмектесті, ақырында мені Қазақстанға алып келді, мен 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін.
Фестиваль сондай-ақ білім беру сипатында өтті. Шақырылған спикерлер, яғни жоғары кәсіби және өмірлік мақсаттарға жеткен жас сарапшылар қатысушыларды өз тәжірибесімен, ой-өрісімен және білімдерімен шабыттандырды. Олардың көпшілігі өздерінің саналы өмірін волонтерліктен бастағандығының арқасында табысқа жетті, бұл тақырып Central Asia Youth Festival-да ерекше талқыланды.
Волонтерліктің жаппай қозғалыс ретіндегі үш басты принциптері туралы Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі Татьяна Миронюк айтып берді. «Волонтёрлік – бұл көңіл-күй. Ең бастысы мұның ерікті, өтемсіз және қоғам игілігіне жасалып жатқандығын есте сақтау қажет. бұл саланың үш негізгі принципі осылар. Және менің тағы бір шағын кеңесім: өз қателіктеріңізді қабылдап, алға жүріңіздер. Оларға қатты мән бермеңіздер. Бұл маңызды. Себебі жастар қателерін болашақта қайталамау және қазіргі уақытты түсіну үшін өткенін білуі тиіс».
Панельдік сессиялармен қоса, фестиваль бағдарламасында шеберлік кластары, питчинг-сессиялар және жобалық жұмыстар өтеді.
Жоба жұмысы – бұл фестивальдің маңызды бөлігі. Ол қатысушыларға өз дарындарын көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, әр елдің, салт-дәстүр мен мәдениетті білдіретін жастардың бірігуіне ықпал етеді. Осылайша, фестиваль халықаралық деңгейдегі тағы бір маңызды миссияны орындайды, атап айтқанда, жастарды жергілікті сипаттағы міндеттерді шоғырландыруға және шешуге үйретеді.
Мәселен, Central Asia Youth Festival қатысушылары жобалық жұмыстарға бес командаға бөлінді. Екі команда бизнес-жобаларды әзірлеумен айналысты,ал үшеуі-инклюзия, жастар және экология саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша идеяларды ұсынды. Екі күн ішінде қатысушылар бір-бірімен танысып, одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін команда құрды. Жобаларды таныстыру питчинг-сессия барысында өтті: әр командадан бір спикерден сөз сөйледі. Жеңімпаздар жабық дауыс беру әдісімен анықталды – бюллетеньдердің көмегімен қатысушылар ұнаған жоба үшін өз дауыстарын берді.
Фестивальдің қорытындысы мен жабылу рәсімі бүгін сағат 19:00-де «Шымбұлақ» тау шаңғылық курортында өтеді. Ал Central Asia Youth Festival жобалық жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов марапаттайды.