news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қамқорлық» атты жаңа бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмысты бастайды. Ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуді көздейді. Бастаманы жүзеге асырудың барлық кезеңдері белгіленген Жол картасы құрылды және бекітілді.

Сегіз облыста оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдаудың ресурстық сыныптары ашылатын ауруханалар мен мектептер белгіленген. Қор қызметкерлері Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауруханалар мен мектептерге барды. Бастама аясында үй-жайларға жөндеу жүргізіледі, жабдықтар сатып алынады, мамандарды оқыту ұйымдастырылады.

Қазіргі сәтте әрбір таңдалған аурухананың параметрлеріне сәйкес жабдықтар тізімі құрылып, сондай-ақ кадрларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әр орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған, орталық жүйке жүйесі бұзылған және дамудың басқа да ерекшеліктері бар балаларды кешенді оңалтудан өткізу үшін жылына 600 баланы тегін негізде қабылдай алады. Бұл бастама аймақтарда қолжетімді оңалтуды дамыту үшін жаңа үлгі жасайды.

Түсініктеме қалдыру