news-img

Алматыда  IV Baiqonyr International Short Film Festival қысқа метражды кино фестивалі ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдау білдірген халықаралық қысқа метр байқауына, жас кинематографистердің 33 жұмысы ұсынылды. Фестивльді ұйымдастырушы – «БРОДВЕЙ» кинопорталы.

Фестивальге Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Алтай, Татарстан, Әзербайжан және Беларусь елдерінен қысқа метраж жасаушылар қатысады.

Үшінші жыл қатарынан фестиваль тұрақты және әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде Елбасы Қорының қолдауын алып отыр. Baiqonyr International Short Film Festival негізгі мақсаты – жас талантты кинематографистерді қолдау-дарынды жастарды анықтау және көтермелеу және оның әлеуетін ашуға жәрдемдесу ісіндегі Қордың миссиясымен үйлесімді.

Бұл фестиваль жас режиссер Айжан Қасымбектің «Су» фильмімен ашылды. Картина Вьетнамда 5th Hanoi International Film Festival-да үздік қысқа метражды фильм атанды, ал Monaco International film festival-да бірден үш номинация бойынша жеңіске жетті: «Үздік артхаус фильм», «Костюм бойынша суретшінің үздік жұмысы», «Үздік музыка».

— Бүгін мен үшін үлкен мереке. Өткен жылдың қарашасында мен 4-інші Baiqonyr кинофестиваліне дайындала бастағаннан бері, бізде көп самғаулар мен құлдырау болды. Және осы атаулы күнді бізбен бөліскендеріңіз үшін қуаныштымын. Биылғы жылы киофестивальді «Су» фильмі ашқанын мақтан тұтамын. Менің ойымша, бұл мен көрген ең әдемі махаббат туралы хикаялардың бірі – деп IV Baiqonyr ISFF ашылуында фестивальдің директоры Ануар Кенжибаев толқыныспен атап өтті.

Ашылу салтанатында Халықаралық және ұлттық қазылар алқасының төрағалары Кристина Бюхнер мен Фархат Шарипов сөз сөйледі. Олар фестиваль қатысушыларына алдағы байқауда табыс тіледі, ал көрермендерге байқауға қатысушылардың жұмыстарымен жақсы танысуды тіледі.

— Мен ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін өте ризамын. Маған Қазақстанда не түсіретіні және осы фильмдердің артында қандай адамдар тұратыны өте қызықты. Бұл фестивальде менің екі міндетім бар-мен қазылар алқасының мүшесімін, сондай-ақ «Оберхаузен» конкурстан тыс бағдарламасының іріктеушісімін. Біздің Oberhausen International Short Film Festival Фестиваліне 65 жыл толды, мен Baiqonyr кинофестивалінің де осындай әдемі күнді атап өтуіне тілектеспін, – деп атап өтті халықаралық қазылар алқасының төрағасы Кристиана Бюхнер.

Режиссер Фархат Шарипов фестиваль қатысушыларына өз тұсаукесерлерінен рахат алуды тіледі.

Baiqonyr ISFF-да байқау аясында 33 қысқа метр, сондай-ақ 3 конкурстан тыс бағдарлама: «Дебют», Ushqyn және «Оберхаузен» көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық қатысушылардың жұмысын бағалайтын ұлттық қазылар алқасының құрамына режиссер, Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің «Алтын Георгий» иегері Фархат Шарипов кірді. Онымен бірге жеңімпаздарды бірге оператор Азамат Дулатов пен продюсер Диана Әшімова таңдайды.

Қазақстандық қатысушылардың жұмыстарын халықаралық қазылар алқасы бағалайды: Oberhausen International Short Film Festival төрағасы, режиссер және іріктеушісі Кристиана Бюхнер, «Умут» ТМД елдерінің жас кино форумының бағдарламалық директоры Гульбара Толомушова, Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Карсакбаева, режиссёр және сценарист Серик Апрымов, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин және продюсер Данияр Ибрагимов.

IV Baiqonyr ISFF қатысушылары мен қонақтарын көрсетілімдерден басқа, «Тұран» университетінде (Сәтпаев көшесі 16А, акт залы) өтетін Оператор Азамат Дулатов пен режиссер және продюсер Серік Әбішевтің шеберлік сабағы күтеді.

Фестиваль 8 қыркүйек күні IV Baiqonyr ISFF жеңімпаздарын марапаттаумен, сондай-ақ фестивальдің қазылар алқасы мүшелерінің баспасөз конференциясымен аяқталады.

Барлық көрсетілімдер Kinoplexx Sary Arka-да өтеді.

IV Baiqonyr ISFF-дың толық бағдарламасымен http://baiqonyr.brod.kz/ сайтында танысуға болады.

Фестивальге аккредитациялау бойынша барлық сұрақтар:

Айдана Мамаева,

8 (775) 321-46-43, info@brod.kz

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры

 баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kzwww.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру