news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ. 16.03.20 — Алматы қ. Азаматтық орталығы «Civil Center Almaty» жобасының аясында «Жастарға тұрғын үй алуға арналған мемлекеттік бағдарламалар»  атты оқу-әдістемелік семинар өткізді. Жоба - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры ұйымдастырған «Zamannyn' ziatker jastary - vision of the future» әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпазы.

Семинар барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері жастарға тұрғын үй сатып алу бағдарламаларын ұсынды. Қаржы кеңесшісі Айсәуле Бөкенбаева 2020 жылдың 2 наурызында басталған «Алматы жастары» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндірді.

Семинарға қатысушылар «Алматы жастары-3» бағдарламасының артықшылықтары, кезеңдері туралы егжей-тегжейлі біліп, несие төлемдері бойынша алдын-ала есептеу жүргізді. Сондай-ақ, жиналғандарға жастарды қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында кеңестер берілді.

Оқыту бағдарламасына «Атамекен» АКП мамандары да қатысып,  2017 - 2021 жылдарға арналған қарқынды жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама жұмыс іздеу, бизнес құрылымдарда тағылымдамадан өту және кәсіптік бағдарлауды анықтау жөніндегі шараларды қамтиды.

Семинар спикерлері жастарды тағы бір жоба - «Бастау» жобасымен таныстырды, жобада жас кәсіпкерлерге арналған қарқынды оқыту бағдарламасы қарастырылған.

Осылайша, семинарға қатысушылар жас қазақстандықтарды қолдауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы пайдалы ақпарат алды.

 «Civil Center Almaty» жобасының аясында өтетін барлық семинарлар практикалық маңыздылығымен біріктірілгендігін атап өтеміз. Яғни, білімді тәжірибеде қолданып, іске асыру барысында пайдаға жаратуға болады.  

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбас қоры
Баспасөз-қызметі
 PR-менеджер Жұмашев Артур
+7 708 960 56 13
a.zhumashev@fpp.kz
www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру