news-img

Қаражат жедел режимде ахуалды бақылайтын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырысы бойынша бөлінеді. 

Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар толығымен орындалып жатыр. Олар қазіргі жағдайға толықтай сай. Мемлекет бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда. Қауіпті инфекциямен күресте отандық бизнес те қомақты үлес қосуда. Әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қоғамымыздың бірлігін көрсете отырып, бұл бастаманы толық қолдау көрсетуге шақырамын. Біз бұл сынақты абыроймен өткереміз. Біз біргеміз!» - делінеді ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасында. 

Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арасында тең бөлінеді. Қаржылық көмек қосымша медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын алуға, пандемиямен күресетін медицина қызметкерлерін марапаттауға жұмсалады. Әрі қаржының бір бөлігі балалар үйі мен Елорданың мамандандырылған ауруханаларына қажетті азық-түлікке бөлінеді. Сонымен қатар, Қор басшылығы 50 мың медициналық масканы Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау Басқармасына тапсырды.

Түсініктеме қалдыру