news-img

Құрметті коммерциялық емес сектордың өкілдері! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Тұрақты даму мүддесіндегі ғаламдық мәселелердің оқшауланған шешімдері» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауын өткізіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта бірінші кезең - конкурстық өтінімдерді қабылдау және алғашқы іріктеу жүруде. Ол 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

Биылғы жылы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының тұжырымдамасы ұлттық диалогты дамытуға және тұрақты даму мақсаттарына  (ТДМ) қол жеткізудің озық тәжірибесімен бөлісуге бағытталған.

Қазақстандықтардың әл-ауқаты әрбір нақты азаматтық бастамаға байланысты екенін түсіну маңызды. Бұл сапалы білім беруді, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді, климаттың өзгеруіне қарсы тұруды, тұрақты қалалар мен елді мекендерді дамытуды, тұтыну мен өндіріс жауапкершілігін, денсаулықты сақтауды, экономикалық өсуді, индустрияландыруды және т.б. көздейді.

ТДМ саласындағы халықаралық міндеттемелерді өз мойнына алған біздің ел өзінің түсінікті қажеттіліктері, мүдделері мен тілектері бар азаматты көреді. Ал азаматтық қоғамның рөлі адамдардың қажеттіліктері, мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі.

Елбасы Қоры байқауының басты ерекшелігі - үшінші сектордың шығармашылық және инновациялық әлеуетін іске асыру үшін сапалы алаң ұйымдастыру. Елдің коммерциялық емес ұйымдары әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысу арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге айтарлықтай үлес қоса алады.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Тең мүмкіндіктер қоғамы - тұрақты дамудың стратегиялық бағдары»;

- «Тұрақты даму мақсаттары үшін әлеуметтік кәсіпкерлік»;

- «Тұрақты даму мақсаттары: қоршаған ортамен үндестік».

Байқау туралы толығырақ: https://www.fpp.kz/site/news/view?id=231.  

Сапалы кеңесті innovaproekt@fpp.kz e-mail арқылы алуға болады.

Біз әлемді жақсылыққа өзгертуге арналған шабыттандыратын идеялар күтеміз. Және өз кезегімізде тұрақты өзгерістерге ұмтылғандарға  қажетті құралдар мен мүмкіндіктерді беруге дайынбыз.

ҚР Тұңғыш Президенті  - Елбасы қоры
Баспасөз-қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com 
www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру