Елбасы қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түзету мектеп-интернаттарының оқушылары үшін алғашқы онлайн-семинар ұйымдастырды
АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 2.04.20 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түзету мектеп-интернаттарының оқушыларын «Мен жаңа әлемнің жасаспазымын» атты жаңа білім беру жобасы аясында алғашқы онлайн-семинарға жинады. Іс-шараны Еуразия технологиялық университеті мен Шайкенов оқушылары қауымдастығының Street Law Kazakhstan жобасы қолдады.
«Қоғамда және Интернеттегі мінез-құлық ережелері» семинарына Алматы, Петропавл, Талғар, Тараз, Шымкент қалалары, сондай ақ Түркістан облысының балалар үйі, отбасылық балалар ауылдары, SOS балалар ауылдары, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Семинар үш тақырыптық блоктан тұрды: менталды шынығу, интерактивті дәріс және квест ойыны. Вебинар барысында жаттықтырушы Халида Ажигулова балалар мен жасөспірімдерге қоғамдағы адам мінез-құлқын реттейтін негізгі ережелер, нормалар мен заңдар туралы айтып берді. Айта кету керек, қатысушылармен байланыс диалог қағидаты негізінде құрылды, және кез-келген адам спикерге сұрақ қойып, чатта пікір білдіріп, осы тақырып бойынша өз тәжірибесімен, білімімен бөлісті.
Семинардың жеке бөлімі қашықтан оқытудың форматына көшу кезінде өте маңызды саналатын кибербуллинг проблемасына арналды. Онлайн кездесуге қатысушылар жаттықтырушымен бірге Интернеттегі мінез-құлықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде әлеуметтік желілер мен желілік ойындарды талқылады.
Халида Ажигулова кибербуллингтің негізгі түрлері: хабарламадағы қорқыту мен қорлау, чаттардан шығару, топтық қудалау, әлеуметтік желілерде біреудің жеке бас ақпаратын заңсыз пайдалану, электронды поштаны бұзу және жеке парақшалардан хаттар мен хабарламалар жіберу, жеке фотосуреттер, мәліметтер мен хаттарды тарату туралы айтып берді. Сондай-ақ, заң саласындағы сарапшы балалар мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне кибербуллингтің алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар жасады.
- Біз Қазақстанда алғаш рет Street Law әдісімен «Қоғамда және Интернеттегі мінез-құлық ережелері» тақырыбындағы онлайн сабақты өткіздік. Street Law сабақтарында оқытудың көптеген интерактивті әдістері қолданылады және бізге интерактивті экран арқылы жеткізе білу маңызды болды. Сабақ барысында мұғалімдердің қолдауымен топтарда тапсырмалар орындадық, мектеп оқушылары арасында онлайн-викторина өткіздік. Балалар белсенділік танытқаны қуантады,барлығы дерлік өз пікірлерімен бөлісті. Жоспарланған бір сағаттық сабағымыз бір жарым сағатқа созылды», - деп атап өтті Халида Ажигулова. - Мен Тұңғыш Президент Қорына және оқу орындарындағы барлық әріптестерге бірлесе жұмыс істеп, қолдау білдіргендері үшін алғысымды білдіремін. Тиімді ынтымақтастықтың арқасында біз балаларға пайдалы және қызықты сабақ өткіздік, және олар өз кезегінде мінез-құлық ережелерін сақтау және адам құқығын құрметтеудің маңыздылығы, өзімізді буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғану керектігі туралы маңызды ақпарат алды.
Семинардың үшінші бөлімінде қатысушылар онлайн-викторина аясында бірнеше ситуациялық жағдайларды саралады. Жаттықтырушы әр түрлі жауап нұсқалары бар жадайларды ұсынып, балалардан жауап алды. Ал ең белсенді балалар арнайы сертификаттармен марапатталады.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com
Анықтама:
Спикер туралы
Ажигулова Халида Қанатбеқызы, ғалым заңгер-әлеуметтанушы, ҚР БҒМ Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Ұлыбританиядағы Лестер университетінің құқық докторы (PhD), Ұлыбританияның Оксфорд университетінің құқық магистрі, қауымдасқан құқық профессоры, Еуразия технологиялық университетінің Адам құқықтары, инклюзия және азаматтық қоғам орталығының директоры, «Street Law Kazakhstan» балаларды зорлық-зомбылықтан және кибербіллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі, Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD ғалымдар қауымдастығының құқықтық мәселелер бойынша директоры (www.kpauk.org), Британ-Қазақ Қоғамының Ғылым комитетінің тең төрағасы (https://www.bksoc.org.uk), «Болашақ мектебі» мектепте білім беруді реформалау қоғамдық жобасының модераторы.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сертификатталған тренері, Британдық жоғары білім академиясының мүшесі және британдық жоғары білім стандарттары бойынша білікті оқытушы, Қазақстан құқықтарының заңгері.
Жоба туралы
Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған «Мен жаңа әлемнің Жасампазымын» атты онлайн-семинарлар топтамасы. Білім беру жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының «Аман келешек» республикалық инклюзивті бағдарламасы аясында өткізіледі.
Жобаның мақсаты - қазақстандық жастар арасында креативті ойлау мен шығармашылықты дамыту, өскелең ұрпақ арасында этикалық мінез-құлық, саналы қарым-қатынас және қоғамдағы мінез-құлық ережелері, сонымен қатар сыни ойлау қабілеттері, эмоционалды интеллект және тиімді қарым-қатынас туралы түсініктерді дамыту.
Онлайн-семинарлар Воркшопы zoom бейнеконференция жүйесі арқылы ұйымдастырылады.
Бағдарлама қатысушыларға не береді?
1. Шығармашылық ойлаудың дамуына ықпал ететін тәсілдерді дамыту;
2. Сыни ойлау, эмоционалды зияткерлік және тиімді қарым-қатынас дағдылары;
3. Soft skills игеру (икемді дағдылар) - сендіру, адамдармен қарым-қатынас орната білу, көшбасшы болу, тұлғааралық қарым-қатынас, келіссөздер жасау дағдысы, топпен жұмыс істеу, жеке даму, уақытты басқару, білім, креативтік ой және т.б.
4. Өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және болашақ жұмысқа орналасу үшін кәсіби бағдарлауды анықтау
Бағдарламаға қатысуға тіркелу +7 700 418 1599, e-mail: gulnar@fpp.kz (Ершіманова Гүлнара Орынбасарқызы) байланысы арқылы жүзеге асады.