news-img

Алматының  Азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорымен бірлесіп, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: конкурсқа қатысудың жаңа ережелері және қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлері» тақырыбында ҮЕҰ жетекшілері мен өкілдеріне арналған оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.

Іс-шара сондай ақ Алматы қаласының Қоғамдық даму департаментінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАК-ның қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Вебинар тренерлері: Александр Братенков - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жөніндегі маман (ҚР АҚДМ сертификаты), 2012 жылдан бастап жобалық жұмыстарда тәжірибесі бар, «Қоғамдық жобалар» институтының жетекшісі және Оксана Дедович  - Алматы Азаматтық орталық  кеңесшісі.

2020 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу ережелеріне, қатысушылардың өтініштерін бағалау критерийлеріне, әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ конкурстың баға саясатына қатысты өзгерістер күшіне енді.

Семинар барысында студенттерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу үшін нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы, конкурсқа қатысушының өтінімін беру тәртібі, бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңыздылығы туралы түсіндірулер беріледі. Сонымен қатар, қатысушылар барлық кезеңдерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар алады.

Вебинар бағдарламасы:

• Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу процесін құқықтық реттеу;

• Мемлекеттік әлеуметтік келісімшартқа сәйкес жобалау жұмыстарын қалыптастыру және жүзеге асыру;

• Мемлекеттік сатып алу порталымен - www.goszakup.gov.kz  практикалық жұмыс.

Сонымен қатар, қатысушылар МСА  байқауына өтінімдер беру және қалыптастыру ережелеріне қатысты нақты мәселелер бойынша кеңестер алады.

Вебинарға қатысуға ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар және т.б. шақырылады.

Күні мен уақыты: 7 сәуір (сейсенбі), сағат 10: 30-дан 12: 30-ға дейін. Жалпы ұзақтығы: 2 сағат.

Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын-ала тіркелу қажет. Тыңдаушылар саны шектеулі.

Өтініштерді 6 сәуір, сағат 18:00 дейін жіберіңіз (Нұр-Сұлтан уақыты).

Барлық сұрақтар бойынша Алматыдағы Азаматтық Орталыққа , info@civilcenteralmaty.kz немесе 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласыңыз.

* Біздің әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға жазылыңыз:

Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty

Түсініктеме қалдыру