news-img

Өткен демалыс күндері, оқу жылының соңғы тоқсанының басталуы қарсаңында, ұстаздар қоғамдастығы мен оқушылардың ата-аналары білім берудің жаңа форматы – қашықтан оқыту жүйесінің мәселелерін талқылады. 

4-5 сәуірде «Онлайнға жедел көшу. Төртінші тоқсан» конференциясының онлайн-сессиялары өтіп, оған  7 мыңнан астам мұғалім, мектеп басшылары мен ата-аналар қатысты.
Пікірсайыс алаңы Тұңғыш Президент Қоры және «Елбасы Академиясы» КҚ,  «Медиа Дамыту Қоры» КҚ  және «Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» бастамасымен ұйымдастырылып, "Birge Oqý" брендінің аясында Youtube арнасында өтті.

Конференция үш бағытта ұйымдастырылды: басшылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін.  Әр онлайн-марафонның ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылды.
Спикер ретінде жергілікті және ресей сарапшылары шақырылды:

  • Наталия Киселева, Global teacher prize ТОП –​ 50 рейтінгіне кіретін танымал ресейлік педагог. Ол дәстүрлі және онлайн білім беру әдістерін біріктіретін «Мобильді мектепті» ұйымдастыру жолдарымен таныстырды;
  • Татьяна Крупа, «ГлобалЛаб» ЖШҚ президенті, қауіпсіз онлайн ортада ұйымдастырылған мектеп зертханасы;
  • Виктория Шиманская, эмоционалды интелект саласындағы ресейлік жетекші маман,  кофаундер және SKILLFOLIO жобасының білім беру бағдарламаларының директоры;
  • Владимир Погодин, Жаңа мектептің информатика мұғалімі;
  • Александр Мурашев, журналист және жазушы, ресейлік «маяк» радиосындағы «Өзге мектеп» авторлық бағдарламасының жүргізушісі (Ресей).

Қашықтан оқытудың қазақстандық тәжірибесін  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының мектеп директорлары мен педагогтары ұсынды.

  • Елордалық №54 мектеп-лицейінің директоры  - Шәкәрім Сейсенбай;
  • Алматы қ. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры -  Жұлдыз Сулейменова;
  • www.academia.kz білім беру онлайн платформасының негізін қалаушы және жетекшісі - Нартай Әшім;
  • "USTAZ Professional Learning Centre" орталығының академиялық директоры - Нұрлан Иманғалиев;
  • CEO «Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» -  Гүлмира Құрғанбаева;
  • Психологтар  Ерлан Мустафин мен Ербол Исмаилов.  

Конференция барысында спикерлер  қатысушылардың 300-ден астам сұрағына жауап берді, үй жағдайында оқу процесін басқару тәжірибесімен бөлісті, білім беру платформаларын қолданып сабақ беру мысалдарын көрсетті, үйде ыңғайлы оқу ортасын ұйымдастыру бойынша құнды кеңестерді айтты.  
Өз кезегінде, ата-аналар карантин жағдайында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Мысалы, көбейту кестесін ойын ойнау арқылы жаттау, викториналар арқылы әлем астаналарын есте сақтау сынды өзге де қажетті әдістер туралы айтты.
Қорытындылай келе, спикерлер онлайн оқыту жүйесіне көшу - бұл ғаламдық тенденция және Қазақстанның білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ екенін атап өтті. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар қашықтан оқыту проблемаларын шешуде педагогикалық қауымдастықтың белсене ат салысқанына жоғары бағаларын берді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ата-аналар мен мұғалімдердің үлкен қызығушылығын ескеріп "Birge Oqý" пікірталас алаңын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мүғалімдер мен ата-аналарға ыңғайлы болу мақсатында конференцияның жазбасы
"Birge Oqý" жобасының
Youtube 
арнасында, ал спикерлердің таныстырылымдары FPP.KZ сайты мен Telegram арнасында жарияланды.  Сондай ақ қосымша сұрақтарыңыз болса 7170 байланыс нөмірі арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, "Birge Oqý" жобасы туралы толығырақ біле аласыз.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
11111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111