news-img

Алматы Азаматтар Орталығы («Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорымен бірлесе отырып, "Жастарға тұрғын үй алуға арналған мемлекеттік бағдарламалар" тақырыбында жастарды ақпараттандыру мақсатында вебинар өткізеді.

Іс-шара сонымен қатар «Алматы қаласының кәсіподақтар орталығы» АКБ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қолдауымен өтеді.

Спикер: Бөкенбаева Айсәуле - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаржылық кеңесшісі

Вебинар барысында тыңдаушыларға Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бірлескен жобасы болып табылатын, 2020 жылдың 2 наурызында басталған «Алматы жастары-3» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастарға қатысу шарттары туралы түсіндірмелер беріледі.

Вебинар бағдарламасы:

  • «Алматы Жастары-3» жеңілдетілген несие бағдарламасына қатысу шарттары;
  • Www.almaty-zhastary.kz сайты туралы ақпарат
  • Бағдарламаның талаптары мен санаттары;
  • «Алматы жастары-3» бағдарламасының кезеңдері;
  • «ҚТҚЖБ» АҚ несие төлемін есептеу.

Сонымен қатар, қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының нақты шешімдері бойынша кеңестер ала алады.

Вебинарға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады.

Өту мерзімі мен уақыты: 9 сәуір (бейсенбі), сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 1 сағат.

Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын-ала тіркелу қажет.

Өтініштерді 8 сәуір сағат 18: 00-ге дейін жіберіңіз (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Барлық сұрақтар бойынша Алматы Азаматтық Орталығына info@civilcenteralmaty.kz немесе 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (WhatsApp) арқылы хабарласыңыз.

* Біздің әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға жазылыңыз:
Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Где это можно послушать????))) Все не для людей!!! Зачем объявляете, секрет чтоли🤨🤨🤨🤨