news-img

Биылғы Тұрақты даму және инновациялар бойынша III Орталық Азия ғылыми форумы (бұдан әрі - Форум) 10-20 сәуір аралығында өтеді.

Халықаралық деңгейдегі танымал ғылыми алаң дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен өтеді. Атап айтқанда, бұл жолы ұйымдастырушылық қолдауды Қор жанындағы Ғылыми кеңес көрсетті. Форумды сондай-ақ Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, Британ-Қазақ қоғамы, Еуразия технологиялық университеті және Лафборо университеті (Ұлыбритания) қолдау көрсетті.

Форум ұйымдастырушысы: Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығы.

Форумның негізгі мақсаты - Орталық Азияның талантты зерттеушілеріне аймақтың орнықты дамуы бойынша озық зерттеу жобаларын  таныстыру және оны талқылау үшін алаң ұсыну. Форум сонымен қатар мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардан Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған ғылыми жобаларға әлеуетті серіктестерді іздеуге және тартуға қызмет етеді.

- Пандемияға қарамастан, біз тоқтап қалмай, керісінше, еліміздің және аймақтың дамуына арналған жаңа идеяларды іздестіруіміз керек. Біздің форум - бұл өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, ғылымды дамытудың ғылыми негізделген және инвестициялық-тартымды шешімдерін талқылауға болатын тамаша диалог алаңы. Цифрлық технологиялар және әлеуметтік реформалар одан әрі Орталық Азия аймағында жүзеге асырылады, - деді  Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының президенті, форум ұйымдастырушыларының бірі, Әлия Сембаева.

Форумның қысқаша бағдарламасы:

  • 10 сәуір - 1-сессия: «Win-Win қағидаты бойынша Қазақстанда табысты ғалым мансабын қалай құруға болады: жас зерттеушілерге арналған кеңестер». Модератор: Алия Сембаева, Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының президенті. Басталуы: сағат 14: 00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен).
  • 10 сәуір - Медиа және коммуникациялар бойынша: «Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі ел». Жүргізуші: Сергей Становкин, BBC World News коммерциялық өкілдігінің жетекшісі. Басталуы: 16:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен).

Бұдан кейінгі барлық іс-шаралар бір уақытта басталады:
15:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен).

  • 13 сәуір /дүйсенбі/ - 2-сессия: «Гендерлік теңдік арқылы тұрақты дамуға қол жеткізу». Модератор: Жанар Темірбекова, э.ғ.к., Тұңғыш Президент қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес мүшесі, Еуразия технологиялық университетінің ректоры.
  • 14 сәуір /сейсенбі/ - 3-сессия: «Тұрақты даму мақсаттарына жетуде робототехника мен жасанды интеллекттің рөлі». Модератор: Айнұр Бегалинова, Робототехника бойынша PhD ғылыми қызметкер, Манчестер Университеті.
  • 15 сәуір /сәрсенбі/ - 4 сессия: «Білім берудегі тұрақты даму». Модератор: Халида Ажигулова, з.ғ.д., Еуразия технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры.
  • 16 сәуір /бейсенбі/ - 5 сессия: «Денсаулық және тұрақты даму». Модератор нақтылануда.
  • 17 сәуір /жұма/ - 6-сессия: «Энергия және ресурстар тиімділігі». Модератор: Альфия Райт, Энергетика үнемділігі саласындағы PhD, Абердин университеті.
  • 18 сәуір /сенбі/ - Виртуалды кафе: коронавирустың өршуі кезіндегі психикалық саулығыңызға қамқорлық жасау.
  • 20 сәуір /дүйсенбі/ - Жалпы отырыс: «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін серіктестік және ынтымақтастық».

Форумға қатысу үшін тіркелу: сілтеме  
ZOOM арқылы қатысуға сілтеме тіркелген қатысушыларға жіберіледі.

Форумның кеңейтілген бағдарламасы: https://www.kpauk.org/ru/online-forum/

Түсініктеме қалдыру