news-img

Қазақстанда  «Онлайнға жедел көшу. Төртінші тоқсан» тақырыбында онлайн-конференциялар топтамасы ұйымдастырылды.  Пікірсайыс алаңы Тұңғыш Президент Қоры және «Елбасы Академиясы» КҚ,  «Медиа Дамыту Қоры» КҚ  және «Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» бастамасымен ұйымдастырылды.

Пікірталас барысында  Global teacher prize көрсеткішінде әлемнің үздік   50 мұғалімі қатарына енген танымал ресейлік педагог Наталья Киселева сөз сөйледі, ол дәстүрлі және онлайн білім беру әдістерін біріктіретін «Мобильді мектепті»  ұйымдастыру  тәжірибесімен бөлісті.

Өз сөзінде Наталья Киселева әлемде қарқынды дамып жатқан оқиғалар барлық білім беру жүйесін мектептердің бірігу моделіне және дәстүрлі әрі онлайн форматты ұстанатын жаңа әдістерге көшуді талап етуде. Оқу орнының осындай моделіндегі жұмысын  - «мобильді мектеп» деп атауға болады. Наталья Киселева электронды білім беру нұсқасына өтудің 7 қадамымен және  қашықтан оқытуды сәтті енгізу тәжірибесімен бөлісті.

1. Күй мониторингі. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, балалар мен мұғалімдердің электрондық оқуға дайындығын тексеру керек. Онлайн режимде ақпарат алуа, қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі жоқтарды анықтап, осы топтағы оқушылармен және ата-аналармен жұмыс формасын ойластыру.
2. Процесті ұйымдастыру.  Мектептің негізгі міндеті - мұғалімдер мен оқушылардың жұмыс уақытын ұйымдастыру. Оқытудың электронды нысанын өткізу кестесін, сонымен қатар күндізгі және электронды оқыту нысандарын біріктірудің қосымша нұсқасын жасау қажет. Күндізгі және электронды оқыту интеграциясының негізгі тұлғасы - мұғалім. Бүкіл процестің сәттілігі дұрыс құрылған өзара әрекеттесу процестеріне және мұғалімдердің келісіміне байланысты.
3. Визуалды өзара әрекеттесу. Мұғалім мен оқушының визуалды өзара әрекеттесуін Skype, Zoom және т.б. бағдарламалар арқылы вебинарлар, топтық сабақтар және әңгімелесу жолымен ұйымдастырыңыз. Бастауыш мектеп оқушыларына күн сайын, орта және жоғары сынып оқушыларына аптасына бірнеше рет дәрістер мен семинарлар түрінде жеке бейне арқылы кеңес беру мүмкіндігін қарастырыңыз.Сабақ кестесінде сынып жетекшісімен күніне бір рет көрнекі байланыс орнатуға уақыт бөлу қажет. Егер Интернет қосылымы мүмкіндік берсе, қатысушылар бір-бірін көре алатындай етіп әр камераны қосу ұсынылады.
4. Кері байланыс. Оқушылармен  кері байланысты электронды күнделік немесе электрондық поштаны,  ресми ресурстар қолдану арқылы орнатқан  дұрыс және жүргізілген барлық  қарым-қатынас тарихы, сұрақтар мен жауаптардың сақталғаны дұрыс.
5. Оқшауланба, бірік. Қашықтан оқыту формасын құру кезінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жолға қою өте маңызды. Бұл үшін топтық тапсырмалар орындау, жобалар жасау, ортақ құжаттық немесе топтық чаттарда бірлескен жұмысты көздейтін шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады.
6. Ата-аналармен белсенді қарым-қатынас. Сыныптағы белсенді ата-аналармен байланыс орнатып, оларды мобильді мектепті ұйымдастырудың жұмыстарына қатыстырған жөн.  Пассивті ата-аналармен жұмыс кезінде оларға қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыру туралы, сабақ кестесі мен жаңа ережелер туралы хабарлаңыз, сонымен қатар оларды балаларының білімін жүйелі түрде бақылауға алуға қатыстырыңыз. Ата-аналардың топтарын олардың белсенділігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес нақты анықтау керек, ең белсенділерін ынтымақтастық пен көмекке шақырыңыз, бұл ең алдымен бастауыш сыныптары үшін маңызды. Өзара әрекеттесу кестесін анықтаңыз, бұл процеске сынып жетекшісі мен әлеуметтік қызмет өкілін қатыстырыңыз.
7. Икемділік және тез бейімделу мүмкіндігі. Қашықтан білім беру процесінің барлық қатысушылары тез және көп нәрсені үйренулері керек. Бір-бірлеріңізден үйреніңіздер  және өз бетіңізне білім аясын кеңейтіңіз. Бұл мобильді мектептің негізгі принциптерінің бірі.

Қорытындылай келе, сарапшы «мобильді мектепке» көшу жөніндегі ұсынылған қадамдардың негізінде білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған іс-шаралар кешенін нақты тұжырымдау қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ,  жеке отбасы мен мектептің мүмкіндіктерін жекелей ескеру қажет. Бірлескен күш-жігер мен өзара көмек арқылы ғана оқытудың жаңа форматына көшу процесін  әр қатысушы  үшін ыңғайлы және тиімді жасауға болады.

Түсініктеме қалдыру