news-img

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасымен тұрғын үй мәселесінде жиі қойылатын сұрақтарға «Жастарға тұрғын үй алуға арналған мемлекеттік бағдарламалар» вебинарында жауап берілді.  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаржылық кеңесшісі Айсауле Бөкенбаевамен өткен виртуалды кеңес вебинарын Тұңғыш Президент қоры және «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ ұйымдастырды.

Атап айтқанда, сарапшы 2020 жылдың 2 наурызында басталған  Алматы Жастары 3.0» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты  нақты түсіндірмелер берді. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаның бастамшылары -  Алматы қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ.

Жобаға 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады. Вебинар барысында тыңдаушылар бағдарламаның талаптары мен кезеңдері туралы білді. Айсауле Бөкенбаева сондай-ақ, несие бойынша төлемді қалай есептеу керектігін де көрсетті. Енді вебинарға қатысушылар үшін жеңілдетілген несие алу, өз ресурстары мен мүмкіндіктерін есептеу қиын болмайды.

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі: оған кім қатыса алады? Олар Алматы қаласының мемлекеттік ұйымдарында кем дегенде соңғы 6 айда келесі санаттарда жұмыс істейтін жастар:

  • дәрігерлер мен медбикелер;
  • мұғалімдер мен тәрбиешілер;
  • суретшілер, мәдениет қайраткерлері мен жазушылар;
  • жаттықтырушылар мен спортшылар;
  • ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
  • әлеуметтік қызметкерлер;
  • БАҚ қызметкерлері, журналистер.

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Сондай-ақ, вебинарға қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының жекелеген мәселелері бойынша қосымша консультативтік көмек алды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жұмашев Артур
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру