news-img

Құрметті ұстаздар! Осы бейсенбі күні (9.04.2020) сағат 18.00-де "Birge Oqý" жобасының Youtube арнасында қашықтан оқыту кезіндегі тиімді бағалау түрлері туралы әңгіме қозғаймыз. Эфир бастауыш және пән мұғалімдерінің қатысуымен өтеді. Осы тақырыпқа байланысты сұрақтарыңыз болса, комментарийде қалдырсаңыз болады. Сұрақтарға тікелей эфирде  жауап береміз.

Эфир уақыты: 18.00 - 19.30

Видеотрансляцияға сілтеме

Модераторлар: Айжан Аршабаева, Жазира Асанова – «Елбасы Академиясы» КҚ «Birge oqý» жобасының үйлестірушілері.

Алғы сөз. «Birge oqý» жобасы туралы ақпарат.

18.10–18.30 «Қашықтан білім беру. Жоғары сыныптардағы  оқыту барысының  артықшылықтары мен кемшіліктері», Муаммер Гүл, Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің математика пәні мұғалімі.
18.30-18.45 «OPIQ.KZ web-платформасында электронды кітаппен жұмыс істеу, тапсырма беру жолдары», Есмурзина Айгерим Жақсылыққызы, бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей” КММ.
18.45-19.00 «Қашықтан оқыту барысында балалар қалай бағаланады?», Турашева Мөлдір Заманбекқызы, бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей" ШЖҚ МКК.
19.00-19.15 «Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен кері байланыс ұйымдастыру”, Кенжина Айгул Хамитқызы, бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей” КММ.
19.15-19.30 – СҰРАҚ-ЖАУАП СЕССИЯСЫ.

Түсініктеме қалдыру