news-img

14 сәуір 2020 ж. (сейсенбі)  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Мен - жаңа әлемнің жасампазы» атты білім беру жобасының аясында «Инклюзивті байланысты қалай тиімді және қызықты ұйымдастыруға болады» онлайн-семинары өтеді. Бұл жоба «Аман келешек» республикалық инклюзивті бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Семинарға қатысуға  12 жасқа дейінгі еліміздің балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түзету мектеп-интернаттары мен мекемелерінің оқушылары шақырылады.

Оқшаулану кезеңінде дамуы ерекше балалар өзге құрдастарына қарағанда стрестік жағдайға бейім келеді. Изикалық және менталды даму ерекшеліктеріне байланысты оқшауланған балаға тағы бір қажеттілік – әлеуметтік оқушаулану қосылды. Бұндай балалар ересектердің стерске түсуін тез қабылдайды, бұл олардың алдымен қоршаған ортаны қабылдауына және мінез-құлықтарына әсер етпей қоймайды.

Осы семинар барысында қатысушыларға тиімді инклюзивті коммуникациялық дағдыларды дамыту үшін ерекше коммуникациялық құралдар ұсынылады.

Сондай-ақ «Инклюзивті байланысты қалай тиімді және қызықты ұйымдастыруға болады» онлайн-семинарының мақсатарына мыналар кіреді:

 

  • вебинарға қатысушылардың әлеуметтік, коммуникациялық дағдыларын жандандыру;
  • практикалық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешудегі шығармашылық және инновациялық әдістерді игеру;
  • әр түрлі қарым-қатынасты ұйымдастырудың тәсілі ретінде жастардың шығармашылық әлеуетін ашу.

Вебинар бағдарламасы:

 

  1. Fitness-time (жаттығулар).
  2. «Байланыс және оның инклюзивті аспектіндегі ерекше рөлі туралы» интерактивті дәрісі.
  3. Практикум: топтық жұмыс.

Осы семинардың арқасында балалар инклюзияның әртүрлі аспектілері туралы біледі, сонымен қатар тренермен адамдарға қажет коммуникация және тиімді коммуникациялық дағдыларды талқылайды. Қатысушылар «видео-сәлемдесуді» құруды, онлайн ойындар өткізуді, видео-сабақтар жазу арқылы бір-біріне көмектесуді, онлайн-клубтар ұйымдастыруды және спорттық мәселелерді бір-бірімен бөлісуді үйренеді. Мамандардың пікірінше, бұл құралдар әдеттегі балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балалармен кедергісіз қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Семинар тренері: Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының жетекшісі Салтанат Мурзалинова-Яковлева.

Өткізу күні мен уақыты: 14 сәуір, сағат 16.00.

Тіркеу және толық ақпарат:
тел .: +7 700 418 1599
e-mail: gulnar@fpp.kz

ZOOM бейнеконференция жүйесі арқылы вебинарға қатысу үшін арналған  сілтеме тек тіркелген қатысушыларға жіберіледі.

 

ҚР Тұңғыш Президенті -  Елбасы қоры
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру