news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 13.04.20  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Қазақстанда «Mobile Blockbuster film festival» (MBff)  қысқа метражды фильмдердің алғашқы фестиваль-байқауы басталады. Жобаның ерекшелігі – байқауға қатысатын барлық фильмдер планшет немесе телефон камерасына түсірілуі қажет.

Жоба арқылы фестиваль ұйымдастырушылары - сценарийші және режиссер Дмитрий Байназаров бастаған MBff Production тобы карантин кезеңінде шығармашылық қайраткерлерге қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық энергиясы мен дарынын жаңа бағытқа бұруға шешім қабылдады.

- Мобильді киноның кино индустрияға жаңа формат ретінде енгеніне 10 жылдан астам уақыт болды. Алайда, біздің елде және бүкіл ТМД елдерінде өнердің бұл түріне қызығушылық енді ғана артып келе жатыр. Заманауи гаджеттердің қосымша жабдықтарсыз және шығынсыз жоғары сапалы фото немесе видео жасайтын мүмкіндігі бар.  Мұндай технологиялар талантты режиссерлер мен операторларға өз идеяларын жүзеге асыруға, эксперимент жүргізуге, жаңа визуалды шешімдерді іздеуге, сол арқылы сандық технологиялармен юір бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Осы орайда, Адам потенциялын дамытуды мақсат тұтатын Тұңғыш Президент Қоры мобильді кино форматындағы отандық кино өндірісіндегі жаңа есімдерді қолдауға дайын, - деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Бірінші  Mobile Blockbuster film festival байқауының тақырыбы – «маски». Маскалар сөзінің кең мағынасында – ол медициналық, театрлық, әлеуметтік және т.б. болуы мүмкін, яғни адамның күнделікті өмірде киетін «маскалары».

Байқауға қатысу үшін фильмді тек смартфонда немесе планшетте түсіруге болады. Фильмдердің жалпы ұзақтығының 10%-ын дронмен немесе экшн-камералармен түсіруге болады. Шамдар, крандар, арбалар, «петличкалар» және т.б. осындай кез-келген өндірістік жабдықтарға рұқсат етіледі.

Бейне файлдардың жүктеу жүйесіне жүктелген сілтемесін және арнайы формада толтырылған өтінімді фестивальдің MBfilmfest.kz@gmail.com   электрондық поштасына жіберу керек.

Байқауға қатысатын фильмінің минималды ұзақтығы - 1 минут, ал максималды ұзақтығы - 12 минут, категорияларға қарай:  L – Large (3-тен 12 минутқа дейін), S – Small (1-ден 3 минутқа дейін), XS – eXtra Small (1 минутқа дейінгі фильм),  MC – Musical Clip (музыкалық видео), PC – People’s Choice (көремен көзайымы сыйлығы).

Қатысушыларды тіркеу және жұмыстарды қабылдау  2020 жылдың 12 сәуірінен 15 мамырына (қоса алғанда)  дейін жүргізіледі. MBff жеңімпаздары 2020 жылдың 17 мамырында онлайн форматта анықталады.

Байқаудың қазылар алқасы құрамына  Рашид Сүлейменов, режиссер - қазылар алқасының төрағасы; Ерден Телемісов, актер, каскадер; Дмитрий Кириенко, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің директоры; Артур Михеев, режиссер, Мәскеу қаласы

Байқаудың толық шарттары fpp.kz сайтында «Байқаулар» бөлімінде және mbfilmfest.com сайтында жарияланған.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жұмашев Артур
+7 708 960 56 13 

Түсініктеме қалдыру