news-img

Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен Қазақстанда Тұрақты даму және инновациялар бойынша III Орта Азиялық ғылыми форум онлайн форматта өтуде. Халықаралық деңгейдегі ғылыми алаңды өткізуге Қор жанындағы Ғылыми кеңес белсенді көмек көрсетеді.

Форумды әр саланың мамандары жас ғалымдарға ғылымда табысты мансап құруға көмектесетін кеңестер айтылған сессия ашты.

Мысалы заң ғылымдарының докторы Халида Ажигулова әлеуетті серіктестердің сенімін қалай табуға болатындығы туралы пайдалы кеңес берді. Оның пікірінше, болашақ бірлескен идеялар мен зерттеулер үшін жоғары сапалы нетворкинг құру мақсатында қызықты жобаларды қолға алып, оларға қатысуға түрлі бағыттағы мамандарды шақыру керек.

Сәтті нетворкинг құру тәжірибесі доктор-экономист Наталья Радькоға Ұлыбританияда халықаралық PhD грантын алуға көмектесті.

Энергетик-экономист Альфия Райт өзінің жеке брендімен жұмыс істеуге кеңес берді. Ғалымның self-branding-і дегеніміз серіктестердің жобаларындағы ерікті қызмет, өзінің ғылыми идеяларын, тұжырымдарын, пікірлерін ақпараттық БАҚ пен LinkedIn-ге мақала түрінде рәсімдеу.

Еуразиялық зерттеулер саласындағы зерттеуші Жәнібек Арынов жас ғалымдарға PhD докторын бітіргенге дейін бір жыл бұрын жұмысқа орналасу туралы ойлануға кеңес берді.

Мансапты құруға байланысты тағы бір маңызды кеңесті мұнай инженері Аслан Бөлекбай берді. Ол PhD дәрежесі бар мамандар практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін «салада» жұмыс жасаудан қорықпау керектігін баса айтты. Сонымен қатар, спикер жас ғалымдар өзінің жеке ісін бастауға болатынын атап өтті, яғни қолайлы мүмкіндіктер болмаған жағдайда, оны өз күшіңмен жасауға болады.

Назарбаев Университетінің постдокторанты Жалғас Серімбетов өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Манчестер университетінің менеджерін қалай тапқанын айтып, пайдалы интернет-ресурстардың тізімін берді. Бұл порталдар топтамасында әр түрлі елдердің докторанттары халықаралық гранттық бағдарламаларға қатыса алады.

Еске салайық, Форумның негізгі мақсаты - Орталық Азияның дарынды зерттеушілеріне аймақтың тұрақты дамуы бойынша озық зерттеу жобаларын ұсыну және талқылау үшін алаң ұйымдастыру. Форум сонымен қатар мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардан Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған ғылыми жобаларға әлеуетті серіктестерді іздеуге және тартуға қызмет етеді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер
Жумашев Артур

+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру