Білім берудегі цифровизация: 21-ші ғасырдың мобильді мұғалімі
Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан сабақ беруге көшкен мұғалімдердің жұмысындағы маңызды артықшылықтар туралы айтып берді. Пікірталас «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының қолдауымен "Birge oqý" жобасының алаңында «Қашықтан оқыту - білім беру жүйесін жетілдіруге жасалған қадам» онлай-конференциясының барысында өрбіді.
Конференция аясында, сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінің білім беру саласындағы зерттеушісі, ЭЫДҰ дағдыларды дамыту саласындағы кеңесші - Алия Бижанова, UIB Университетінің Президенті - Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы, «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің жоба менеджері - Зуева Айгерім Еркінқызы сұрақтарға жауап береді. Пікірталас алаңының модератор қызметін «Елбасы Академиясы» КҚ Директорының орынбасары Әнуар Жанғозин атқарды.
Рүстем Биғари сандық жүйеге көшудің бірнеше артықшылықтарын атап өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 370 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Әр үш жыл сайын олар біліктілігін арттырады. Қазіргі жағдай мен жаппай цифрландыруға көшу бұл процесті оңтайландыруға және жеңілдетуге көмектеседі. Қалайша? Енді жаңа технологиялардың арқасында мұғалім бұдан былай жолда уақыт өткізіп, оқу орталықтарында қалуға мәжбүр болмайды. Мұның барлығын қашықтан жасауға болады.
Бұдан бөлек, сандық технологиялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алып және сертификаттарды тапсыру процесін жеңілдетуге көмектеседі. Енді барлық қажетті құжаттар ҚР БҒМ дерекқорына жүктеледі және сол жерден кез-келген ұйым, оның ішінде халықаралық ұйымдардар да, мұғалім туралы қажетті ақпаратты уақытында ала алады, бұл сөзсіз осы саладағы жұмысты айтарлықтай жеңілдетпек.
Вице-министр ресейлік әріптестерінің тәжірибесін мысалға келтірді. Соңғы жылдары Мәскеу электронды мектебі (МЭМ) әлемдегі ең үздік электронды мектептердің бірі саналады. Өз жұмысында олар тартымды әдісті қолданған - өзінің электронды материалын немесе сабағын орналастырған мұғалімнің еңбегі көп қаралымға ие болса, оған ақшалай сыйақы тағайындалады. Қолданыстағы әдіс ұстаздарды жігерлендіріп, олардың қызметі өзге әріптестеріне үлгі бола алады.
Барлық ғаламдық тенденцияларды ескеріп, Қазақстанда кез келген мұғалім өз жұмысын еркін орналастыра алатын онлайн-платформалар жұмыс істейді. Осылайша, педагогтар әріптестерінің кәсіби бейне сабақтарын, аудио және мәтіндерін қарап, өзіне қажетті дүниелермен таныса алады. Бұл жағдайда цифрландыру мұғалімнің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың тамаша мүмкіндігі.
Рүстем Биғари білім беруді цифрландыру қағаздан бас тарту дегенді білдірмейді дегенге назар аударды. Бұл тек білім беруді жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін тағы бір құрал. Қазіргі уақытта елдегі барлық оқу орындары соған ұмтылуы керек.
Айта кету керек, онлайн режимге өтудің алғашқы кезеңінде мұғалімдерде белгілі бір қорқыныш болса да, соңғы өткен екі аптада ұстаздар жаңа талаптарға тез бейімделіп, жаңа жағдайға қарай міндеттерін сәтті орындады деп айтуға болады.
Эфирдің толық нұсқасын "Birge oqý"жобасының Youtube арнасынан көруге болады.
Материалдар мен таныстырылымдарды "Birge oqý" қауымдастықтарында жүктеп алуға болады.