news-img

20 сәуір күні III Орталық Азиялық  тұрақты даму және инновациялар бойынша ғылыми форум аясында «Орта Азиядағы тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік және ынтымақтастық» тақырыбында пленарлық отырыс өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 15: 00-де.  

Форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өткізіледі.

Форумның негізгі мақсаты - Орталық Азияның талантты зерттеушілеріне аймақтың орнықты дамуы бойынша озық зерттеу жобаларын таныстыру және талқылау үшін алаң ұсыну. Форум сонымен қатар мемлекеттік органдардан, бизнес құрылымдардан және қоғамдық ұйымдардан Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған ғылыми жобаларға әлеуетті серіктестерді іздеуге және тартуға қызмет етеді.

Сессияны Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі және Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының консультативтік кеңесінің мүшесі Ерлан Ыдырысов ашады.

Сессияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Ұлыбританиядағы өкілі Ғани Бекенов және Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының президенті Алия Сембаева жүргізеді.

Сессияның мақсаты ТДМ-ге  қол жеткізу үшін жергілікті және ғаламдық деңгейде мүдделі тараптарды біріктіру: Орталық Азияның экономикалық және мәдени әлеуетін іске асыруға бағытталған саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты үкіметтік өкілдер; Орталық Азияға инвестиция салудың ықтимал артықшылықтарына қызығушылық танытатын венчурлық капиталды қоса алғандағы өнеркәсіп өкілдері; жас және тәжірибелі ғалымдар, олардың тәжірибесі индустрия саласындағы үкімет пен мүдделі тараптар арасындағы байланыстырушы көпір бола алады.

Дөңгелек стөлге қатысушылар:

  • Фархад Куанганов, "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорының директоры;
  • Руперт Гудман (Rupert Goodman), Британ-Қазақстан қауымдастығының төрағасы The British-Kazakh Society;
  • Профессор Стив Ротберг (Prof Steve Rothberg), Лафборо Университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры;
  • Тесса Далинг (Tessa Daling), One Young World Жас көшбасшылардың халықаралық ұйымының даму жөніндегі директоры;
  • Ричард Эверитт (Richard Everitt), Еуропа және Орталық Азия елдерінің білім беру бойынша Британдық кеңесінің директоры;
  • Профессор Александр Ван де Путт (Prof Alexander Van de Putte), «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) стратегиялық даму мәселелері жөнідегі бас директоры;   
  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News коммерциялық өкілдігінің басшысы;
  •  Фолькер Рубен (Prof Volker Roeben), Данди университетінің Энергетика, мұнай және минералды құқық және саясат орталығының энергетикалық заңдар және жаһандық реттеу бойынша профессоры;
  • Алия Галимова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы;
  • Ләззат Асқарова, EXPO & Women халықаралық ұйымының атқарушы директоры, «Қазақстандағы ТДМ-2030 қоғамдық институтының» үйлестірушісі.

Іс-шараға Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпарат бюросы (UNDPI), Британ-Қазақ қоғамы, Халықаралық бағдарламалар орталығы, Еуразия технологиялық университеті, АХҚО және Лафборо университеті (Ұлыбритания) қолдау көрсетті.

Сессияның тікелей эфирі Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығының  facebook  парақшасында өтеді.

Кеңейтілген форум бағдарламасы: Бағдарлама 

Түсініктеме қалдыру