news-img

«Қашықтан оқыту - өзекті мәселе ғана емес, берілген мүмкіндік» - дәл осы ұранмен отандық және шетелдік сарапшылар ҚР Тұңғыш Президенті Қоры мен «Елбасы Академиясы» КҚ ұйымдастырған  «Birge Oqý» пікірталас талас алаңына жиналады.
Онлай эфирлер топтамасы білім беру мекемелерінің басшыларын, мектеп мұғалімдерін озық технологиялармен таныстырады, ата-ана мен балаға жаңа форматтағы білім беруді игеруге, онлан білім беру мүмкіндіктерінің аясын кеңейтеді.  

18 сәуір күні сағат 11:00 және 13:30-да екі эфир ұйымдастырылды, оның бірі:   «Карантин кезіндегі бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас. Баланың қорқынышын, агрессия мен ренішті  қалай қолға алуға болады».

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей директоры Сафура Тулекова карантин жағдайында білім беру процесін жолға қою тәжірибесімен бөлісті.  «International Academy emotional intelligence» директоры, эмоционалды интеллектті дамыту бойынша сертификатталған тренер Әсел Мұратова мен «En baqytty el» ҚҚ директоры, кәсіби коуч Жанат Нуркина  ата-аналарға өзіңді және баланы күйзеліске түсірмей үй жағдайында баланың сабақ оқу процесін ұйымдастыру туралы айтты, эмоционалды интеллектті дамытуға берілген мүмкіндіктер туралы әңгіме қозғап, мысалдар келтірді.

Ал  15: 00-де  пікірталас алаңындағы кездесу «Сovid 2020. Дағдарысқа қарсы менеджерлер» тақырыбына арналды.

Білім саласындағы жетекші сарапшылар, «СКОЛКОВО» Білім беру трансформациясы орталығының директоры, «Ректорлар мектебі», «Мектептің даму қадамы» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ольга Назайкинская,  М.С Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Алматы қ. Республикалық физико-математика мектебінің директоры Алмаз Күнғожин және басқа да спикерлер қашықтықтан оқытудан кейін болуы мүмкін салдар туралы айтты. Тікелей эфирге сондай ақ ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова да қатысты.  Ал «Ұлттық Ustaz Онлайн Академиясы» эфир серіктесі атанды.

 19 сәуір күні,  сағат 11.00-де кезекті кездесу «Ата-аналар: төртінші тоқсан батырлары» тақырыбында эфирге шығады.

Эфир ең жас ұрпаққа, Z буынға арналады. Психологтар мен сарапшылар  К-pop буынымен бір тілде қалай сөйлесуге болады?  Баланың қарсылығына қалай жауап беруге болады?  Балаға мотивацияны қалай берсе болады?  және т.б сұрақтарға жауап береді.
Конференция қатысушылары: CEO «Ұлттық Ustaz Онлайн Академиясы» өкілі -Гүлмира Кұрғанбаева, RuGenerations «Ұрпақтар теориясы – Ресей мектебі»  негізін қалаушы және үйлестірушісі - Евгения Шамис, «Гнездо» отбасылық кеңістік жетекшісі -  Анна Ведник,  «BTS Education» комапаниясының басшысы - Саясат Нүрбек  және т.б. басқалар.

Эфирді "Birge oqý"  жобасының  Youtube және  Facebook парақшаларында көруге болады.

Түсініктеме қалдыру