news-img

Дизайндық ойлау - өмірлік мәселелерді стандарттан тыс жолмен шешуге көмектесетін әдіс. Ол қызметтердің немесе өнімдердің пайдаланушылар үшін мейлінше қолайлы болуын қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, емханалардың бірінде балалардың әдеттегі  МРТ-пен тексерілуден өтуін ертегіге айналдырған. Басқа заманауи ауруханада қабырғаға ілінген маңдайшалардағы жазулар көру қабілеті нашар адамдардың барар жерін адампай табуына қолайлы орналасқан. Кофе машинаны пайдаланудың күрделі мәтіндік нұсқасы түсінікті суреттер түрінде ұсынылған.  Осы мысалдардың барлығанда дизайнды ойлау әдісін қолданылған.

Дизайндық ойлау дағдылары бойынша онлайн воркшопты Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырды. Бұл шара «Аман Келешек» республикалық инклюзивті бағдарламасы аясында жүзеге асырылады және «Мен жаңа әлем жасампазымын» білім беру жобасының бір бөлігі.

Сабақ жаттықтырушысы - сертификатталған фасилитатор, «MOST бизнес-инкубаторының»  акселерация және тәлімгерлік бағдарламасының жетекшісі Динара Бабич - дизайнерлік ойлау, оның кезеңдері, пайдаланушыларға қажеттілігі туралы ақпаратты  ойын тәсілдерін қолданып жеткізді.  Интерактивті жаттығулар арқылы балалар күрделі, бірақ қызықты материалды игерді. Мәселен, семинарға қатысушылар «Кішкентай қызыл телпек» ертегісіндегі әр кейіпкер өз проблемасын заманауи гаджеттерді қолдана отырып, яғни заманауи түрде шешуге тырысты.

Балалаға ұсынылған тағы бір жаттығу  - балалар үйінде қонақ күту нұсқаулығын мейлінше түсінікті етіп жасау болды.  Үшінші тапсырма - дәрігерге баратын, дәрігер қабылдауындағы және одан кейінгі болатын адамның әрекетін көрсету. Бірақ әр қадамды суреттемей, сонымен бірге қандай процестерді технологиялар мен манипуляцияларды қолдана отырып жеңілдетуге болатындығын анықтады.

Кездесу соңында мұғалімдер мен тәрбиешілер семинардың тиімділігі мен қажеттілігін атап өтті. Біз өз кезегімізде осы жобаның тұрақты қатысушыларына: «Ковчег» балалар үйіне (Талғар), «Алматыдағы SOS балалар ауылына», отбасылық типтегі Төлеби балалар ауылына (Түркістан облысы), Шымкент  қаласындағы №3 балалар үйіне, «Атамекен» Отбасылық типтегі балалар ауылына (Қызылорда),  «Аяла» қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына (Ақтөбе облысы) алғыс айтамыз.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Контент заблокирован администрацией сайта