news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры, «MOST бизнес-инкубаторымен» бірлесіп, халықаралық серіктес «Techstars Startup Weekend» қамқорлығымен 24-26 сәуір аралығында виртуалды «Global Online Startup Weekend: Unite to Fight COVID-19» онлайн стартапын өткізеді. Іс-шараны «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ қолдады.

COVID-19 пандемиясы бірнеше апта ішінде жаһандық дағдарысқа айналды. Қазіргі уақытта вирус экономикалық және әлеуметтік сипаттағы проблемаларға тап болған әлемнің 200-ден астам елдеріне әсер етті.

Біз COVID-19-мен күресуге дайын тұлғаларды бір виртуалды алаңда бірігіп,  туризм, денсаулық сақтау, білім беру, шағын және орта бизнес, қауіпсіздік, экология және т.б. салалардағы жедел және технологиялық мәселелерді шешуге шақырамыз.  

«Techstars Startup Weekend» ғаламдық бастамасына жергілікті Startup Weekend өткізуге дайын 50-ден астам ел қосылады.

54 сағат ішінде әзірлеушілер, инноваторлар, маркетологтар, бизнес-ұйымдар, ҮЕҰ және қоғамның кез-келген белсенді мүшесі қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешудің жолдарын ұсынады. Қазақстандық новаторлардың 100 үздік идеялары іріктеліп, оларға тәлімгерлік қолдау көрсетіледі, сонымен қатар білім беру сессияларына қатысады. Оның 10-ы финалға шығады.

Еліміздің ең үздік кәсіпкерлері мен инвесторлары «Global Online Startup Weekend: Unite to Fight COVID-19» тәлімгер мен спикер ретінде қатыстырылады.

Мамыр айында «Techstars Startup Weekend» барлық жеңімпаз елдерден 20  команданы таңдап, оларды эксклюзивті Techstars Innovation Bootcamp -қа қатысуға шақырады.

Жүлде қоры: миллион теңге.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 21 сәуір, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:59 дейін

COVID-19 салдарын шешуге көмектесетін идея немесе шешім бар ма? Қатысу үшін  most.com.kz/startupweekend  сілтемесіне өтіп тіркеліңіз.

Түсініктеме қалдыру