COVID-тен кейінгі өмір. Білім берудегі дағдарысқа қарсы коммуникациялар
Бүгінде Қазақстан өмірді «бұрын» және «кейін» деп бөлген әлемде өтпелі кезеңді басынан өткеріп жатыр. Жаңа нақтылықта әр салада үлкен өзгерістер болып жатыр, ал білім - барлық жаңашыл өзгерістерді бірінші сезінген сала.
"Birge oqý" дамытушы платформасының негізінде, «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының техникалық қолдауымен COVID 2020 дағдарысқа қарсы менеджерлер қатысқан онлайн-конференция өткізілді. Оған CEO Eurasion Center For People Management - Ербол Исмаилов, «Сколково» білім трансформациясы орталығының директоры «Ректорлар мектебі», «Мектептің даму қадамы» білім беру бағдарламаларының жетекшісі - Ольга Назайкинская, CEO «Улттык Ustaz – Онлайн Академиясы» - Гүлмира Құрғанбаева, М.С Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің басқарма төрағасы, Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінің директоры және т.б. қатысты.
Дағдарыстық коммуникациялар саласындағы сарапшы Ербол Исмаилов өз ұстанымыңды сақтау және білім беру ұйымдарының жұмысын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады:
- Басқару әдеттеріне назар аударыңыз. Қалыптасқан жағдайға байланысты әр басшы өзінің басқару пен көшбасшылықтағы әдістерін қайта қарастыруы керек. Қазіргі уақытта үш әдісті қарастыратын ситуациялық басқару моделі бірінші орынға шықты: біріншісі - тәлімгерлік, екіншісі - қолдау, үшіншісі – өкілеттік беру.
- Өзіңізге бағыныштылар мен ұжым алдында ашық әрі адал болыңыз. Күрделілігіне қарамай, шындықты дұрыс және пайдалы тұрғыда айта білу. Осылайша өзіңді парасатты және көреген көшбасшы ретінде көрсетуге болады.
- Дұрыс және сындарлы кері байланыс жүйесін құрыңыз.
- Әрқашан тек шынайы ақпаратқа, фактілер мен сенімді деректерге сүйеніңіз, сонымен бірге байланыс процесіне барлық мүдделі тараптарды тартыңыз.
- Әр қызметкердің құндылығын үнемі атап көрсетіңіз. Команданың әрбір мүшесіне оның маңыздылығы мен ұйымда болу маңыздылығын түсіндіру.
- Стратегиялық мақсаттарды белгілеу жүйесін қайта қарау. Ұзақ мерзімді мақсаттардан қысқа мерзімді мақсаттарға уақытша ауысыңыз. Ковидтен кейінгі кезеңде бұл тәсіл ең оңтайлы болады.
- Ұжымды жаңа сандық технологиялар мен техникалық дағдыларға үйрету өте маңызды. Жаңа сандық мәдениет баршаға цифрландыру процесіне мүмкіндігінше тиімді және ауыртпалықсыз өтуге көмектеседі. Олар үлгіні басшыдан алады.
- Ұжым мүшелеріне қамқорлық пен шынайы қарым-қатынас үлгісін көрсетіңіз.
- Жаңа әлеуметтік орта құрыңыз. Ескі, негізгі тәжірибеге ғана сүйенбей, білім берудегі жаңа заман ережелерін талап ететін жаңа дағдыларды игеріңіз.
Осы кішігірім ережелерді басшылыққа алған білім беру жетекшісі Cove 2020-дан кейінгі жаңа дәуірге сенімді қадам жасай алады.
Эфирдің толық нұсқасын "Birge oqý" жобасының Youtube арнасынан көруге болады.
Материалдар мен таныстырылымдарды Birge oqy қауымдастықтарында жүктеп алуға болады.