Қазақстанда виртуалды стартаптар байқауының жеңімпаздары анықталды
АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 27.04.20 - Қазақстанда 24-26 сәуір аралығында «Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition»виртуалды стартаптар байқауы өтті Оған 200-ден астам бастамашыл қазақстандық қатысып, қазылар алқасына туризм, денсаулық сақтау, білім беру, экология және т.б. саласындағы бизнес идеяларын ұсынды. Тек үш жоба жеңімпаз атанды - олар өз стартаптарын одан әрі дамыту үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грантын иеленді.
«Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition» сайысын Қазақстанда өткізу идеясын ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры, MOST бизнес-инкубаторы және Алматы облысының туризм басқармасы көтерген болатын.
Еске салайық, «Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition» - бұл COVID-19 пандемиясынан туындаған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жаһандық бастама. Іс-шараның басты мақсаты - денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, қоршаған орта және туризм саласы бетпебет келген әлеуметтік және іскерлік мәселелерді жеңілдету үшін технологиялық шешімдердің краудсорсингі.
- Пандемиямен байланысты адамзаттың ғаламдық проблемалары туризмді тоқтатты. Туризм индустриясы мен оны тұтынушылар дағдарысты бірдей сезінді. Осыған орай, туристік өнімдерді және индустрияның ішкі процестерін цифрландыру туризм нарығының барлық қатысушылары үшін ең өзекті міндет болып отыр. Алматы облысындағы туризмді дамытудың технологиялық және инновациялық шешімдерін іздеу онлайн-хакатонды ұйымдастырудағы басты басымдық болды, - деді қазылар алқасының мүшесі, Алматы облысы туризм басқармасының бастығы Жанар Алчимбаева. - Жобаға көптеген қатысушылардың қолдау білдіргені қуантады. Бұл туризм, цифрландыру, маркетинг және басқа салалардағы мамандардың қойылған міндеттерді шешу үшін бірігуге дайын екендігінің дәлелі.
Жобаның ережесі бойынша үш күнде (54 сағат) қатысушылар команда жинап, стартап туралы идеялар құрып, оқытудан өтіп, өздерінің бизнес-идеяларының прототипін жасау үшін қажетті мәліметтерді алуы керек. Жобаның барлық кезеңдерінде сайысқа қатысушылар тәлімгерлермен - түрлі салалар мен қызметтегі мамандармен бірге жүреді.
Алдын-ала кезеңде қазылар алқасының мүшелері, оның ішінде отандық және шетелдік сарапшылар 75 ең үздік идеялар мен шешімдерді таңдады. Содан кейін еліміздің әр аймағынан келген қатысушылар 5 адамнан тұратын топтарға бірігіп, барлығы 48 стартаптың прототиптерін ұсынды.
Шешімдерін күшейту үшін командалар тәлімгерлік сессияларда Қазақстаннан және басқа ТМД елдерінен сарапшылардан нұсқаулар алды. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар сату, IT және питчинг салаларында ауқымды тренингтерден өтті. PayBox.money халықаралық холдингінің бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Олжас Акпаров қатысушыларды бизнес идеяларды тез сынауды, сондай-ақ ұқсас қызметтер мен өнімдер үшін аналогтар мен бәсекелестерді іздеуді үйретті. ТМД және Шығыс Еуропа елдері үшін платформа әзірлеушілердің техникалық маманы Максим Макаров прототип пен шешімдерін әзірлеушілерге Here Location Suite геолокациялық платформасымен жұмыс істеу туралы шеберлік сыныбын өткізді. Тағы бір сессияны MOST бизнес-инкубаторының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Динара Бабич өткізіп, спикер жеңімпаз бизнес-жобаны қалай ұйымдастыру керек екендігін үйретті.
Кең білім алып, дағдыларға үйренген стартап әзірлеушілер өз жобаларын рәсімдеу шешімдерін оңай тапты.
Жартылай финалға шыққан жобалардың ішінен 10 команда финалға жолдама алды, олар екі сағатқа созылған питчинг-сессияға қатысты. Байқау нәтижесімен қазылар алқасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грантынан үміткер үш жобаны анықтады.
Қазақстандағы «Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition» жеңімпаздары:
I орын - TourBox жобасы. Турист өз саяхатын саяхат орнына келген күннен бастап жоспарлайтын онлайн-жүйе. Оған әуежайдан күтіп алатын көлікті, тоқтайтын жатын орнын (хостел, қонақүй, бөлме), бару нүктелерін, гид таңдау ұсынылады. Таңдау пункттерінің әрқайсысында қолданушыға әр түрлі орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің ұсынысы ұсынылады.
- Сайттың құрылымы мен логикасы туралы бізге көшеде келе жатқанда келді. Жарыс аяқталуына сегіз сағаттан аз уақыт қалған кез еді. Бар күшімізді салып, таңертең жоба дайын болды. Сервис қызметін жақсарту үшін барымызды саламыз. Шамамен алты айдан кейін біз дайын прототип әзірлейміз. Әрине, біз қосымша инвесторлар тартамыз. Сондай-ақ жобаға қолдау көрсеткені үшін Тұңғыш Президент Қорына алғыс айтамыз. Пандемия кезінде ұйымдастырушылар мен демеушілердің осындай қажетті және пайдалы іс-шараларды ұйымдастыруға ресурс табуы бізді шабыттандырады, - дейді TourBox жобасының өкілі Абылай Тұрсын.
II орын - «Journey» жобасы. Көптеген туристік орындар бір жерге тым көп адам жинап,
COVID-19 таралу ықтималдығын арттыратын жағдай туғызатындықтан олардың барлығы жабылып қалды. Жоба командасы туристік салада қызмет ететін менеджерлер мен тұтынушыларды бір жерге көп адам шоғарланғандығы туралы хабарлайтын қосымша ұсынды. Қосымша сондай-ақ COVID-19 жұқтырғандардың басқа адамдармен орнатқан байланысын анықтауға да көмектеседі.
III орын - «Caravanning and Camping» жобасы. COVID-19 вирусының таралуына байланысты жылжымалы үйде немесе алыс жолға арналған көлікте ел ішінде саяхаттау сұранысы артады. Команда Алматы облысының туристері үшін «көлік caravanning» және «camping алаңдары» сегментін біріктіретін шешім ұсынады. Қосымша жылжымалы көлік үйлер мен тұрақтарды жалдауға, сондай-ақ қонақ үйлерде бөлмелер брондауға мүмкіндік береді.
- Екі күн ішінде жобада қолданылатын ұйымдастыру процестері, алгоритмдер және техникалық шешімдер аясында егжей-тегжейлі жұмыс жасадық. Жеңімпаздар қатарында болғаныма қуаныштымын. Стартаптарды қолдауға арналған өте пайдалы жоба, - деді Caravanning and Camping жобасының жетекшісі Баян Шапағатова.
Қазылар алқасы жобаларды бағалау кезінде шешімнің өзектілігі, жаңашылдығы, прототиптің болуын ескерді.
- Қазақстандағы алғашқы виртуалды идеялар мен шешімдер ұсынған «Global Online Startup Weekend: COVID-19 Edition» байқауының сәтті аяқталғанына қуаныштымын. Бұл инноваторлардың, әзірлеушілердің, қаржыгерлердің және басқа мамандардың бүкіл қауымдастығын онлайн форматта біріктірудің қызықты тәжірибесі болды. Үздік тұжырымдамалары мен прототиптері бар командалар қатысты. Бұл жоба технологияларды дұрыс қолдану пайдалы қызметтер мен өнімдерді жедел құруға көмектесетінін тағы бір дәлелдеді, - деді MOST Бизнес-инкубаторының директоры Алим Хамитов.
Толық ақпарат: http://most.com.kz/startupweekend
Іс-шараны Here Tecghnologies, Digital Ocean, Chemodan.kz туристік агенттік желісі, Бірінші визалық қолдау орталығы, Go Viral және «Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық қорының көшбасшылары» ҚҚ қолдады
Ақпараттық серіктес: Profit.kz IT-порталы.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com