Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің финалға қатысатын ҮЕҰ ТОП-50 жобасы анықталды
«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» конкурстық комиссиясы «Тұрақты даму үшін жаһандық түйткілдердің жергілікті шешімдері» тақырыбында өткен финалға қатысу үшін ТОП-50 жобасын анықтады.
⠀
Еске салайық, жәрмеңкенің финалы - конкурстың үшінші кезеңі, онда үміткерлер өз жобаларын қазылар алдында таныстырады. Алматыда өткен финал екі күнге созылады.⠀
Дәстүр бойынша стартаптарды қорғаумен қатар, іс-шара бағдарламасында шеберлік сыныптар, дәрістер және сарапшылармен кездесулер енген. Алайда, COVID-19 пандемиясының аясында үкіметтік емес ұйымдардың үздік жобаларының тұсаукесері қашықтан өтеді.
Айта кетейік, ақтық сайысты өткізу мерзімі 29-30 сәуірден 13-14 мамырға шегерілді, және ол туралы финалға қатысушыларға қосымша хабарланды.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауын алдын-ала іріктеуге Қазақстанның барлық аймақтары, моноқалалар мен шалғай елді мекендерден 158 ұйым қатысты. Еске салайық, жобаның мақсатының бірі - өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жергілікті бастамаларды (төменнен) қаржылық қолдау.
⠀
Жәрмеңке тұжырымдамасы тұрақты даму мақсатына жетуге бағытталған жобаларды әзірлеуді қамтиды. Бүкіл қазақстандық қоғамның әл-ауқаты әрбір азаматтық бастамаға байланысты.
Елбасы Қоры байқауының басты ерекшелігі - үшінші сектордың шығармашылық және инновациялық әлеуетін іске асыру үшін жоғары сапалы республикалық алаңқай ұйымдастыру. Елдің коммерциялық емес ұйымдары әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына қатысу арқасында тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай үлес қоса алады.
⠀
Ақтық сайысқа жеткен ҮЕҰ өкілдері жобаларды үш санат бойынша ұсынады: «Тең мүмкіндіктер қоғамы - тұрақты дамудың стратегиялық бағдары», «Тұрақты даму мақсаттарындағы әлеуметтік кәсіпкерлік», «Тұрақты даму мақсаттары: қоршаған ортамен үйлесім».
Жәрмеңкенің нәтижесімен Елбасы қорынан жүзеге асыру үшін гранттық қолдау алатын коммерциялық емес ұйымдардың ең үздік идеялары анықталады.
⠀
ТОР50 тізімі
Список не открывается.