Дәстүрлі Басин оқуларының аясындағы «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция
2020 жылдың 30 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен онлайн форматта дәстүрлі Басин оқуларының аясында «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Студенттік конференцияның ұйымдастырушысы - Каспий қоғамдық университеті. Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу тегін. Конференция материалдары жарияланады.
Биылғы Дәстүрлі Басин оқуларының аясындағы «Жеке құқықтың өзекті мәселелері» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция үшінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы конференция ҚазССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Ю.Г. Басиннің 95 жылдығына арналған болатын.
Конференцияның мақсаты - студенттерді, магистранттар мен докторанттарды Қазақстан Республикасындағы азаматтық-құқықтық мектептің негізін қалаушы, 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы және арнайы бөлім), ҚР өзге де заңдарының негізін қалаушы, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, з.ғ.д, профессор Ю.Г. Басиннің өмірі мен ғылыми жұмыстарымен таныстыру. Сондай-ақ студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі заманғы азаматтық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту және көрші елдердің жаңадан келген зерттеушілерінің білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға ықпал ету.
Профессор Юрий Григорьевич Басин (1923 - 2004) - Қазақстан азаматтық құқығының корифейі. ҚазССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, жастардың құқықтық тәрбиесіне, Қазақстанда құқықтық білім беру мен азаматтық-құқықтық ғылымның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Ғалымның құқықтық білімге және азаматтық құқықты қорғау туралы білімді таратуға бағытталған идеялары жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында өткізілетін студенттер мен жас заңгерлердің жыл сайынғы конференцияларында көрініс тапты.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші университеттерінің жас ғалымдары мен студенттері қатысады.
Конференция аясында ғылыми жарияланымдардың деңгейін арттыру мақсатында «Үздік ғылыми мақала» байқауы өтеді. Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады, марапаттау «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» VI Республикалық студенттік фестиваль аясында өтеді.
Конференцияға Қазақстанның жетекші азаматтық ғалымдары – з.ғ.д., профессор А.Г. Диденко, з.ғ.д., профессор Мороз С.П., з.ғ.д., «Әділет» ЖҚМ академиялық профессоры Алиханова Г.А., з.ғ.д., «Әділет» ЖҚМ академиялық профессоры Акимбекова С.А., з.ғ.к., «Әділет» ЖҚМ доценті Нестерова Е.В., з.ғ.к., «Әділет» ЖҚМ доценті Калимбекова А.Р. және т.б. қатысады.