news-img

«Birge oqý» дамытушы пікірталас алаңы білім беру саласындағы өзекті тақырыптар аясындағы онлайн кедесулерді жалғастырады.

Кезекті эфиріміз карантин кезіндегі оқушылардың жобалық жұмысы мен роботехникаға  арналады. Бұл қызмет оқушылардың бойындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларды жетілдіріп қана қоймай,  сондай-ақ ол БЖБ өткізудің бір нұсқасы да болуы мүмкін.  Көп жағдайда оқушының  өзіндік жұмыстармен айналысуын талап ететін  қашықтан оқыту форматында бұл өте маңызды. Бұдан бөлек сарапшылар оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеу мен жоспарлауға қажет веб-қызметтер туралы әңгіме қозғайды.

Эфир қонақтары:

  • Мағжан Қыстаубаев – Оқыту және әзірлеу жөніндегі директор, STEM Academia
  • Құтпанова Зарина - PhD, STEM Academia оқытушысы

Эфир 30 сәуір күні сағат 18:00-де қазақ тілінде, 19:30-да орыс тілінде "Birge oqý" жобасының Youtube пен Facebook ресми парақшаларында өтеді.

Түсініктеме қалдыру