Кінә мен жауапкершілік: айырмашылық бар ма? «Жұрттың баласын» үлгі етудің зияны қандай?
«Жұрттың баласы» – ол өз балаңа қарағанда табысты, үздік көрінетін мифтік кейіпкер. Бала оны ұнатпайды, әке-шешеге өз баласынан гөрі өзгенің баласы не себепті жақсы болып көрінетінін түсіне алмайды?
Ата-аналар өз балаларын өзгемен салыстыру арқылы ынтасы мен жігерін арттырғысы келеді. Бірақ балаңыз сенімді ақтамаса, байқаусыз баланың өзін кінәлі сезінуіне себепкер боламыз. «Жұрттың баласын қарашы», «Өзіңдей баланы көрдің бе» деп жиі салыстырасыз ба?
Балаңмен бір тілде сөйлесіп, оның шынайы досына айналу мүмкін бе?
- Ертең кеш болмас үшін, баланың бүгінін қалай түсінесің?
- Балаңыз қаншалықты жиі сізге көрсетпей көз жасына ерік береді?
- Баланы өз еркімен әрекет етуіне жігерлендіреміз бе? Әлде ол оны сізге ұнау үшін, сіздің сеніміңізді ақтау үшін ғана істейді ме?
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас мәселелері 1 мамыр күні 17:00-де қазақ тілінде, 18:00-де орыс тілінде өтетін «Тәрбие мен эмоция: Маңызды байланыс» вебинарында талқыланады.
Қазақ тілді эфирдің қонағы:
- Ерлан Мұстафин, психолог, бизнес-тренер, Ұлттық тренинг және ұйымдастырушылық психология орталығының жетекшісі
Орыс тілді эфирдің спикерлері:
- Әсел Мұратова, "International Academy of Emotional Intelligence" директоры, EACEIP сертификатталған тренері
- Жаннат Нуркина, "EN BAQYTTY EL" ҚҚ директоры, эмоционалды интеллект бойынша сертификатталған тренер, психолог
Эфирді "Birge oqý" жобасының Youtube және Facebook ресми арналарында көруге болады.
Ата-аналарды, балаларға арналған білім беру және дамытушы орталықтардың басшыларын, тәрбиешілер мен мұғалімдерді эфирге қатысып, сұрақтар қоюға, баламен қарым-қатынасты жасқсартудың жаңа әдістерін алуға шақырамыз!