Ләйла Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабының тұсаукесері
5 мамыр /сейсенбі/ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Еуразиялық теледидар және радио академиясымен бірлесіп, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ләйла Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабының халықаралық тұсаукесерін өткізеді.
Конференция онлайн форматта өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де, Мәскеу уақытымен 12:00-де.
«Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабы Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен 1000 тиражбен жарық көрді. Қор 2020 жыл ішінде кітапты Орталық мұрағатқа, кітапханаларға, мұражайларға және 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен қолбасшылары әскерге шақырылған оңтүстік аймақтардың қорғаныс басқармаларына тапсырады.
Фотосуреттер, карталар, кестелер жарияланған кітаптың көлемі - 764 бет. Мұрағаттық іздеулер нәтижесінде жаңа материалдар табылды, полк және Панфилов дивизиясының басқа да әскери бөлімдері туралы жаңа әңгімелер жазылды, солдаттар мен командирлердің ерліктері сипатталды. 1941 жылдың 18-19 тамызында Алматыдан майданға аттанған бөлімнің алғашқы құрамына баса назар аударылды.
Кітаптың тұсаукесерлері сонымен бірге Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның 10 қаласында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Бішкек, Мәскеу, Санкт-Петербург, Волоколамск, Зеленоград) өтеді. Сондай ақ осы қалаларда кітап нұсқасы Ардагерлер кеңестеріне, әскери институттарға, қорғаныс бөлімдеріне және т.б., мұрағаттарға, мұражайларға, облыстық және университет кітапханаларына, журналистерге тапсырылады.
Еске салайық, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры профессор Л.С. Ахметованың «1941 ж. Брест қамалы. Қазақстан » атты кітабының тұсаукесерін Алматы, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Минск, Брест, Мәскеу қалаларында, және т.б. аудандар мен ауылдарда өткізген болатын. Автор Брест қамалын қорғаған Қазақстанның 556 жауынгерң мен командирін және 1941 жылы Брест аймағында соғысқан 200-ден астам қазақстандықтарды тапқан болатын.
5 мамыр күні өтетін тұсаукесерге ҚР генералдар кеңесі төрағасының орынбасары Махмут Телегусов, РФ Қазақстандағы консулы Ирина Переверзева, Волоколамск ауданының басшысы Михаил Сылка, Петровск қаласының (И.В. Панфиловтың туған жері) басшысының орынбасары Николай Ларин, И.В. Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова (ҚР), РФ-ғы ҚР Елшілігінің өкілі Даурен Дияров, Қырғызстандағы ҚР Елшілігінің өкілі Алмат Тоекин, іздеуші Макка Каражанова (Украина), Қазан федералды университетінің доценті Дмитрий Люкшин (РФ), Еуразия халықтары Ассамблеясының Бас хатшысының бірінші орынбасары Светлана Смирнова (РФ) және т.б. қатысады
Тұсаукесер модераторлары: запастағы полковник, «Арлан» әскери-патриоттық орталығы» қоғамдық қорының директоры Аманжол Оразбаев және Еуразия телерадио академиясының президенті Валерий Рузин.
Қатысу үшін сілтеме https://us02web.zoom.us/j/89908061229?pwd=dC81cDZ2VjlWOEhCTUF6eEFHNWthUT09
Қатысу үшін ZOOM бағдарламасын жүктеу керек. ZOOM-да жұмыс істеуге арналған толық бейне-нұсқаулық https://www.youtube.com/watch?v=YzYSlBtD8uM
Байланыс мәліметтері:
Қатысу үшін:
Гүлнәр Ершиманова, +7 700 418 1599, gulnar@fpp.kz
БАҚ үшін:
Артур Жұмашев, +7 708 960 56 13, pr.zhumashev@gmail.com