news-img

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды, ал қашықтан білім беруді қорытындылау мәселесі бойынша сұрақтар әлі де көп.  Алдағы  екі аптада оқушылар алған білімдерін қорытындыласа, мұғалімдер  БЖБ мен ТЖБ сынақтарын  дайындауға кірісіп кетті. Сондықтан бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Осы аптада "Birge oqý" жобасының сарапшылар тобы гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің  мұғалімдеріне, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған эфирлер дайындады.

 «БЖБ және ТЖБ: жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдеріне арналған нұсқаулық »  тақырыбындағы  эфир  5 мамыр 2020 жылы  сағат 18: 00-де қазақ тілінде, ал  19: 30-да  орыс тілінде өтеді.

Физика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдеріне:

  •  БЖБ мен ТЖБ құру және өткізуге арналған екі  әмбебеп қызмет;
  •  жаратылыстану ғылымдарының  мұғалімдеріне арналған екі қызмет туралы ақпарат беріледі.

«БЖБ және ТЖБ: гуманитарлық пәндер және бастауыш сыныптарына арналған нұсқаулық» тақырыбындағы эфир 7 мамыр күні  сағат 18: 00-де қазақ тілінде,  орыс тілінде  19: 30-да өтеді .

Ең жиі қойылатын сұрақтар қатарына  «Бастауыш сынып оқушыларын қалай бағалаймыз?»  және «Гуманитарлық пәндер бойынша бағаны қалай қоямыз?» сұрақтарын жатқызуға болатын шығар.

Сондықтан вебинарға қатысушыларға:

  • БЖБ мен ТЖБ құру және өткізуге арналған екі  әмбебеп қызмет;
  • гуманитарлық  ғылымдарының  мұғалімдеріне арналған екі қызмет туралы ақпарат беріледі.

Барлық қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады және эфир барысында жауап алады. "Birge oqý"  жобасының Youtube және Facebook ресми арналарына қосылыңыздар.

Түсініктеме қалдыру