news-img

 Тұңғыш Президент Қоры ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорымен, «Алматы Менеджмент Университетімен» бірлесіп, Сіздерді «ПОСТ-COVID-19: жоғары білім берудің реинжинирингі және  оның қайта түрленуі» тақырыбындағы халықаралық онлайн форумға шақырады.  Қазақстандық және халықаралық сарапшылар, мемлекет қайраткерлері  Университеттердің пандемиядан кейінгі қоғамда алатын рөлі мен дамуын қайта қарауды  талқылайды.

Онлайн форматта өтетін бұл форум Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылғанын атап өтеміз.

Форум  6 мамыр  күні  Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17: 00-де (UTC + 6) өтеді.

Спикер ретінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ресей Федерациясы Президентінің цифрлық және технологиялық даму жөніндегі арнайы өкілі Дмитрий Песков, Kozminski University (Польша) ректоры Витольд Биелески, «Жоғары экономика мектебі»  Ұлттық зерттеу университетінің ректоры Ярослав Кузьминов, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Олжас Худайбергенов,  Грузия Университеттері Президенттерінің Халықаралық Қауымдастығының (IAUP) Президенті Кахи Шенгелия шақырылған.

Форумның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген:

• «Жоғары білім COVID-19 проблемаларына қалай жауап береді? Жоғары білім беруге арналған  коронакризис сабақтары »;

• «ПОСТCOVID-19 кезеңіндегі жоғары білім трансформациясы және/немесе дамуы. Жоғары білімнің даму сценарийлері»;

• «ПОСТCOVID-19кезеңінде жоғары білім беруді цифрландырудың бүгінгі жағдайы: тренд пен мүмкіндіктер»;

• «ПОСТCOVID-19 кезеңінде тұрақты жоғары білім беру жүйесін құру: университеттер, қоғам және мемлекет»;

• «COVID-19 жағдайының  ұлттық және ғаламдық деңгейдегі, оның ішінде жоғары білімге келтірген экономикалық салдары»

Форум модераторы -  Санкт-Петербургтегі Еуропалық университетінің кеңес төрағасының орынбасары, РФ Президенттік гранттар Қорының бірлескен кеңесінің мүшесі, Филантропия және бизнестің әлеуметтік бағдарламаларын зерттеу орталығының директоры Елена Чернышкова.

Тікелей эфир «Birge oqý» дамытушы  пікірталас алаңының YouTube-арнасында көрсетіледі.

6 мамырда  сағат 15: 00-де кездескенше!

Түсініктеме қалдыру