news-img

ҚР Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасына алдын-ала тіркелу басталғанын хабарлайды.

«Елбасы Медалі»  - жоба талаптарын ойдағыдай орындаған,  патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін жеңімпаздарға берілетін ерекше белгі. Қатысушылар дағдыларын жеті бағыт бойынша: спорт, өнер, кітап оқу, туристік саяхаттар, ұлттық мұра мен еңбек тәжірибесі арқылы дамыта алады. Жоба, сондай-ақ болашақ мамандығыңды таңдауға, өзіңді және өз еліңді саяхат арқылы тануға көмектеседі.

 Ауқымды жастар жобасының мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында  жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерді тәрбиелеу.

Тіркелуден өткеннен кейін қатысушылар үш деңгейдің бірін таңдайды: «Алтын», «Күміс», «Қола».

  • «Алтын» деңгейдің ұзақтығы – 18 айға дейін, деңгей 16 жастан жоғары жастарға арналған;
  • «Күміс» деңгейдің ұзақтығы – 12 ай, жас шектеуі 15 жастан жоғары;
  • «Қола» деңгейінің ұзақтығы  - 6 ай, 14 жастан жоғары қатысушыларға арналаған.   

Қатысушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды үнемі орындап отыруы керек -  өз таланттарын дамытумен айналысу, спортпен шұғылдануға тұрақты әдетті қалыптастыру, құрдастарымен бірге туристік жорыққа бару. Жоба тапсырмаларының бірі - қазақ және әлемдік әдебиеттің алтын қорына енгенн кітаптарды, батыл мақсаттарды қоюға ынталандыратын жеке даму жөніндегі кітаптарды оқу. 16 жастан бастап "Алтын" деңгейдегі қатысушылар кәсіпорында немесе компанияда тағылымдамадан өтеді. Әр кезеңнен өткен сайын  #challenge қабылдаған жастар өздерін мықты, талантты және сенімді сезінеді, ал финалистер ең биік жеңістерге бастау алатын "Елбасы медалі" төс белгісімен марапатталды!

 «Елбасы Медалі» жобасына тіркелу  

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Ақылы ма?

comments-author-avatar
Тапсырмаларды 6-ай бойы үздіксіз беріп отырасыздар ма? Әлде бір жерге жинап сонда жарыстырасыздар ма?

comments-author-avatar
Қалаған деңгейді Қашан таңдауға болада?

comments-author-avatar
Стажировканы озимиз тандаймыз ба алде оздери жибере ме? Канша уакыт оту керек?

comments-author-avatar
мен алдын ала тіркеліп едім но маған ешкім хабарласпады,эмэйлға хат келмеді.Не істесем болады??????

comments-author-avatar
Саламатсыз ба! https://me.fpp.kz/request сілтемесі арқылы өтіп, тіркеуден өтіңіз.  Бұдан кейінгі іс-әрекеттер туралы сіздің өтінімде көрсеткен электоронды поштаңызға хат келеді. 

comments-author-avatar
Біз бастауыш сынып мұғалімі, жас маманбыз. Қатысайық десек сынып көрсету керек болып тұр. Сынып 6-дан жоғары. Өтінім қабылданбай жатыр. Не істесек болады?