Қазақстанда Mobile Blockbuster Film Festival байқауының нәтижелері жарияланды
«Бетперденің оқиғасы» қысқаметражды фильмі мобильді кино фестивалінің жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ТПҚ. 18.05.20 — Қазақстанда Тұғыш Президент-Елбасы қорының қолдауымен MBff Продюсерлік орталығы ұйымдастырған Mobile Blockbuster Film Festival - мобильді кино фестивалі өтті.
Бір айға созылған байқаудың ұйымдастыру комитетінің назарына тоғыз номинация бойынша 34 жұмыс ұсынылды: "People' s сһоісе" – YouTube желісіндегі А!baika арнасында ең көп "лайк" жинаған бейне, «Үздік сценарий», «Үздік режиссер», «Музыкалық клип», Фестивальдің бас серіктесі – Орро компаниясының таңдауы, «Қазылар алқасының сыйлығы», «Үздік актриса», «Үздік актер» және L категориясындағы бас жүлде (12 минутқа дейінгі фильм).
Барлық шығармашылық жобаларды бетперде тақырыбы біріктірді-медициналық, театр және әлеуметтік, яғни адамдардың қоғамда ойнайтын рөлдері.
Байқауға Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарының тұрғындары: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Хромтау, Жаңаөзен, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстарының өкілдері қатысты.
- Өзін-өзі оқшаулау жағдайында біз адамдарды онлайн-кеңістікте біріктіріп, оларға өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектескіміз келді. Біздің қатысушылар өз күш-жігерін жасампаз арнаға бағыттай отырып, шектеулі қозғалыс жағдайында да жүректе және көрермен жадында мәңгі қалатын сапалы жергілікті контент жасауға болатынын көрдік, - деп атап өтті Mobile Blockbuster Film Festival байқауының идеялық шабыттандырушысы Митя Байназаров.
Қазылар алқасы мүшелеріне жеңімпазды таңдау оңайға соққан жоқ. Байқауға қатысушылар «Бетперде» тақырыбын ашу үшін шығармашылық көзқарасты қолданып қоймай кәсібилікті де көрсете білген. Олар сценарий мен режиссураны ойластырған, актерлерді таңдаған, сонымен қатар кейбір жағдайларда түсірілім командасын ұйымдастырған. Байқау комиссиясы кез келген жұмыс, ең алдымен, эмоцияны тудыруы тиіс және бұл фактор жеңімпаздарды таңдауда маңызды орын алатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қазылар алқасының құрамына: Рашид Сүлейменов - режиссер, қазылар алқасының төрағасы; Ерден Телемисов - актер, каскадер; Дмитрий Кириенко - Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры; Виталий Богданов - Қазақстандағы Орро компаниясының PR-менеджері, сондай-ақ, режиссер Артур Михеев (Мәскеу қ.) кірді.
Байқау нәтижесімен Үздік фильм номинациясында «Бір бетперде тарихы» жұмысы жеңіп алды. Фильм авторы - Райбек Сағадатов, ол Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ магистранты әрі қызметкері, 26 жаста.
- Біз жеңуді мақсат еттік, жеңімпаз атануды қатты қаладық. Біз байқауға қатысушылар медициналық маскалар тақырыбын таңдайды деп ойладық, сондықтан әрекеттер арқылы тақырыпты ашу қиынға соғатын әлеуметтік бағытты таңдадық. Сондай-ақ, көрерменді соңына дейін «авторлар мұнымен не айтқысы келді екен?» деген сұрақтың жетегінде ұстап интриганы сақтап қалуды ойластырдық. YouTube арнасында біздің роликке оң баға беріліп, жылы пікірлер жазылғанын көрдік. Осыдан кейін мен командаға «Міне, көптеген адамдар соңына дейін қарап көргісі келеді, және оларға біздің идеямыз қызықты. Бұл ролик есте қалады!», деп жігерлендірдім- деді Райбек Сағадатов.
Автор сондай-ақ түсірілім екі аптаға созылғанын айтты. Команда қашықтан жұмыс істеді және бұл белгілі бір жағдайларда қолайсыздық тудырды. Алайда, жеңіске жету және өз идеясын көрсету ниеті карантин жағдайы болғанымен қызықты жоба жасап шығару үшін команданы тез ұйымдастырды.
- Біздің командада-студенттер мен жұмысшы жастар. Бейне түсіру-бұл біздің хоббиіміз. Бірақ смартфонға түсіру - біздің алғашқы ролик. Бұған дейін біз, әрине, смартфонға түсіруге болатынын білдік, бірақ мақсатты түрде мұнымен айналыспадық. Бұл байқау біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Біз бұдан әрі де осы бағытта түсіруді және дамуды жоспарлап отырмыз, оның үстіне бізде идеялар мен жақсы команда бар, — деді Райбек Сағадатов. - Сондай-ақ мұнда азаматтық ұстаным да маңызды. Хромтаудың өзі-үлкен қала, мұнда бос уақытында немен айналысатынын білмейтін жастар көп. Ал сайыс оларды шығармашылық арнаға бұрды. Бұл балалар өз құрдастарының арасында еліктеу үшін үлгі болып табылады. Сондықтан біздің командамыздың жеңісі қоғам үшін жақсы жол болып табылады.
Барлық жеңімпаздар ұйымдастырушылар мен іс-шара серіктестерінің атынан бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль жеңімпаздары:
№ | Номинация | Жұмыс атауы | Аты-жөні |
Қала |
1 | People’s Choice (YouTube желісіндегі А!baika арнасында ең көп "лайк" жинаған бейне) |
Бір-біріне сай (Два сапога – пара) |
Авторлары: Вера Останкова, Лариса Стародубцева |
Алматы |
2 | Үздік сценарий | Балалық шақ https://www.youtube.com/watch?v=_dFOZgkqhbU |
Автор: Мурат Махан. Актерлар: Ернар Есен, Мағжан Төлеутай, Хантөре Жақып, Ерсұлтан Жақып, Сәбит Берік |
Түркістан облысы |
3 | Үздік режиссёр | «Серьезно» Тобы. Идея авторлары және түсірілім тобы: Даниил Демидов, Святослав Усевич, Жанара Гавриленко, Анна Суворова, Лера Ким. Режиссер: Лера Ким |
Алматы | |
4 | Музыкалық клип | Не факт | «Серьезно» Тобы. Идея авторлары және түсірілім тобы: Даниил Демидов, Святослав Усевич, Жанара Гавриленко, Анна Суворова, Лера Ким. Режиссер: Лера Ким |
Алматы |
5 | OPPO таңдауы | Еріктілер күнделігі https://www.youtube.com/watch?v=UE0HkInfuQ8 |
Автор: Ильяс Серікбай (16 лет) | Қызылорда |
6 | Қазылар алқасы сыйлығы | Ол - Он(а) | Автор: Әбілдә Әнуар | Павлодар |
7 | Үздік актриса | I want to break free https://www.youtube.com/watch?v=xLviyNnyMbw |
Автор: Гольм Мария | Алматы |
8 | Үздік актёр | Бетперде, күріш, қарақұмық (Маска, рис и гречка) https://www.youtube.com/watch?v=2AnS-yNtiFk |
Автор: Алексей Курапов | Алматы |
9 | L санатындағы үздік фильм | Бір бетперденің тарихы (История одной маски) https://www.youtube.com/watch?v=E8bjPH9tgbQ |
Автор: Сағадатов Райбек. Актёр: Нұрмұхамбет Нұрдәулет. Оператор: Қалдыбек Жүсіпбек. Монтаж: Мұхамбетжан Ердәулет. Жарық: Азамат Ауесхан. |
Хромтау |
|
ҚР Тұңғыш Президент қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com