Ғалымдар мен педагогтар киберпедагогикаға арналған дөңгелек үстелде цифрландыру жағдайындағы жастарды тәрбиелеу мен оларға білім беру мәселесін талқылайды
АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МФПП. 26.05.20 - Ертең, 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңес «Homo Cyberus» ақпараттық-ағартушылық интернет-порталымен бірлесіп онлайн-форматта «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Киберпедагогика» атты дөңгелек үстел өткізеді. Заманауи педагогиканы дамытуға арналған іс-шараға жас ғалымдар, зерттеушілер, педагогтар, білім беру саласындағы сарапшылар мен оқушы жастар қатысады.
Қашықтан оқыту жүйесіне көшу тек бүкіл әлемді қамтыған пандемия әсерінен ғана емес, сонымен қатар, білім алушылардың әлемнің қай нүктесінде болғанына қарамай тез білім алуға деген қызығушылығының арту тұрғысынан да сарапшылар мен педагогтарды «білім беру» ұғымының мазмұнын қайта қарастыру қажеттілігі туралы талқылауға әкелді.
Білім беруді цифрландыру - COVID-19 пандемиясына дейін, көптеген ел, соның ішінде Қазақстан таңдаған бағыт-бағдар болатын. Алайда, оқытудың сандық форматына жедел көшу енгізілген карантиндік шаралардан кейін қарқынды жүзеге аса бастады. Жалпы әлемдік практикада онлайн-білімнің қалыптасқан тарихы бар, онлайн-оқытуда дәстүрлі педагогиканың басымдылығы әліде өзекті болып қалуда.
Онлайн-білімге сенімді арттыру, сандық форматтағы оқыту әдістемелерінің, қазіргі жастардың білім беру контентін қабылдау ерекшеліктері, адамдарды әлеуметтендіру мәселелері «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Киберпедагогика» дөңгелек үстелінің күн тәртібіндегі басты тақырыптар болады.
Атап айтқанда, сарапшылар интернетті тек ақпарат көзі ретінде ғана емес, студенттердің шығармашылық, тұлғалық және кәсіби маңызды идеяларын жүзеге асыру кеңістігі ретінде қарастырады. Сондай – ақ, ХХІ ғасырдың басты мәселесі - адамзат пен бейбітшілікті цифрландыру ретінде социумның қарқынды киберсоциализациясы мен гаджеттелуіне ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, онлайн-кездесуге қатысушылар Қазақстандағы білім беруді цифрландыру контекстінде университеттердің оқу ортасын трансформациялау перспективаларын талқылайды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Ұлттық биотехнология орталығы Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Мақсат Жабағин, «Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің» профессоры, "Homo Cyberus" ақпараттық-ағартушылық интернет-порталының бас редакторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Плешаков, «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» жүйелік жобалар институтының ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, "Homo Cyberus" электрондық ғылыми-публицистикалық журналының бас редакторының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Валерия Обыденкова, Satbayev University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің мүшесі, PhD Ермек Тоқтаров және т.б бар.
Іс-шараның басталуы сағат 15:00-де YouTube арнасында өтеді, Дөңгелек үстелге кез келген адам қатысып, пікірталасқа қосыла алады және талқыланған тақырып бойынша сарапшыларға сұрақ қоя алады.
Дөңгелек үстелдің толық бағдарламасы: Бағдарлама 27.05.20 - Киберпедагогика.pdf
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com