news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.  27.05.20 – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңес және "Homo Cyberus" ақпараттық-ағартушылық интернет-порталы «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Киберпедагогика» атты дөңгелек үстел өткізді. Онлайн форматта өткен халықаралық пікірталасқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, педагогтар мен Қазақстанның және жақын шетелдердің білім саласындағы сарапшылары қатысты.

 Кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов «Білім беруді сандық жүйеге көшіру  білім берудің іргелі негіздерін анықтаудың, жинақтаудың және білім берудің жаңа бағыттарын іске қосады. Әдеттегі постулаттар жаңасымен алмасады, бұл өз кезегінде виртуалды шындықта қолданылатын жаңа теорияларды, тәсілдерді және әдіснаманы әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесі ұйымдастырған онлайн - кездесу білім беру ұғымының өзін қайта жүктеуге жаңа серпін береді»,- деді.

Дөңгелек үстелдегі бейне байланыс бойынша Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің профессоры, «Homo Cyberus» ақпараттық-ағартушылық интернет-порталының бас редакторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Плешаков киберпедагогикадағы іс-әрекет, құзыреттілік және киберонтологиялық тәсілдер бойынша ғылыми баяндаманы ұсынды.

Оның сөзін Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің жүйелік жобалар институтының ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, «Homo Cyberus» электрондық ғылыми-публицистикалық журналының бас редакторының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Валерий Обыденкова толықтырды. Сарапшы жоғары педагогикалық білім берудегі интернет-жобалау технологиясының рөлі туралы айтты.

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков қашықтан білім алуға көшуге байланысты оның ЖОО-ын пайдалана бастаған жаңа шешімдерді нақты мысалдармен таныстырды. Атап айтқанда, университет басшысы оқу үрдісінде  қолданылған «Lightspeed» менеджмент  технологиясын көрсетті.

Пікірталасқа қатысқан ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын елдегі сандық білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарын жасауға шақырды. Оның пікірінше, іс-шара барысында айтылған барлық идеялар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қарау үшін бірыңғай құжатқа рәсімделуі мүмкін. Сондай-ақ, Министрлік өкілі карантиндік шаралармен негізделген жаңа жағдайда ғылыми кездесудің жоғары ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қоғамның дамуы үшін аса маңызды - білім беруді дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Сарапшылар, сондай ақ интернет мүмкіндіктерін тек ақпарат көзі ретінде ғана емес, студенттердің шығармашылық, тұлғалық және кәсіби маңызды идеяларын жүзеге асыру кеңістігі ретінде қарастыру мәселесін талқылады. ХХІ ғасырдың басты талабы - адамзат пен әлемді цифрландыру ретінде әлеуметтанудың қарқынды киберсоциализациясы мен гаджеттелуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Қазақстандағы білім беруді цифрландыру контекстінде университеттердің оқу ортасын трансформациялау перспективаларын қарастырды.

- Цифрландыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытудың жетекші тренді болып табылады. Онлайн білім беруді дамыту мақсаттары көптеген құжаттарда тұжырымдалған. Атап айтқанда, "Білім-2030" Инчхон декларациясы БҰҰ-ның тұрақты дамуының төртінші мақсатты шеңберінде қалыптасатын «Баршаны сапалы және әділ білім берумен қамтамасыз ету және баршаның тоқтамсыз білім алу мүмкіндігін қамтамасыз теу» тұжырымдамасының мақсатын анықтайды. Білім беруді цифрландыру осы мақсатқа жету жолындағы маңызды құрал болып табылады. Қазақстан халқының орта біліммен 100% қамтылуына қарамастан, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге гранттар бөлу, ғылымға инвестициялар бөлу, білім беру жүйесін жаңғырту тек білім экономикасын қалыптастырып қана қоймай, зияткерлік ұлттың қалыптасуына ықпал етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, - деп атап өтті Satbayev University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Ермек Тоқтаров.

Жас ғалым сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді цифрландыру бойынша жобаны сәтті жүзеге асыру үшін:

  • игерілген пәндер ретінде транскриптерде аталған нәтижелерді есепке алу мүмкіндігімен онлайн-курстарда білім алушылардың оқу жетістіктерінің есебін жүргізу, яғни онлайн-курстарды оффлайн-курстарға теңестіру қажет;
  • киберсоциализация бойынша ғылыми-зерттеу және қолданбалы педагогикалық жобаларды дамыту қажет. Бұл онлайн-оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады;
  • жетекші жоғары оқу орындары оқу процесіне және білім беру менеджментіне жедел және толық енгізу үшін жасанды интеллект және blockchain технологияларын әзірлеу қажет деді.
     

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар сарапшылар мен педагогтердің коллаборациясы осы дөңгелек үстел сияқты форматтағы білім алмасуға ғана емес, сонымен қатар әр мүдделі адамдардың елдегі ғылым мен білімнің трансформациясы бойынша өз көзқарасын көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру