news-img

Құрметті ата-аналар мен "Myń bala"  олимпиадасының қатысушылары!

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры "Myń bala"  Ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңі 2020 жылдың 6-7 тамыз күндері өтетінін хабарлайды. 

Екінші кезеңде Олимпиаданың бірінші кезеңінен сәтті өткен 5 мың қатысушы функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеуден өтеді. ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеледі. Тестілеу барлық аймақтағы 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде өткізіледі. 

Екінші кезеңді өткізу жөнінде толық ақпаратпен, сондай-ақ тапсырмалардың үлгілері https://fnn.kz/kz/site/news/view?id=429 сілтемесі арқылы қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазу арқылы алуыңызға болады.

Бөлісу