news-img

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты Халықаралық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Форумға ғылыми-талдау орталықтарының басшылары мен жетекші сарапшылары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары, аймақтық халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ беделді шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференцияға онлайн режимде: Наталья Герман – БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығының Басшысы (Ашхабад); Владимир Норов – Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы (Пекин); Цзи Чжие – Қытайдың заманауи халықаралық қатынастар академиясының аға кеңесшісі және экс-президенті (Пекин); Якунин Владимир – «Өркениеттер диалогы» ғылыми-зерттеу институтының Бақылау кеңесінің төрағасы (Мәскеу) қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Қайрат Әбусейітов Тұңғыш Президент Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері бейбітшіл саясат жүргізгенін атап өтті: «Бұл Қазақстанға жоғары мәртебелі және сенімге ие елдердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Болашақтың айрықша стратегиялық көрінісі бар саясаткер және жаһандық ауқымдағы дипломат ретінде Елбасы өңірдегі саяси сенім мен жүйелі экономикалық диалогты қалпына келтіруге бағытталған "Үлкен Еуразия" жаңа геосаяси құрылымын құру жөніндегі тұжырымдамамен сөз сөйледі».

Конференция қатысушылары Елбасының жауапты көшбасшылық феноменін, еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы бағасыз үлесін түйсінуде, оның Қазақстанның жаңа тарихындағы аса маңызды рөлін, оның тұлғасының орасан зор ауқымын, ерекше қасиеттері мен Отанға және халқына қызмет ету құбылысын түсінуге септігін тигізетіні туралы ортақ пікірге келді.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

Түсініктеме қалдыру