Заманауи Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы (түпкі деректемеден)
Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі және стратегиялық рөлі ашылады.
Қазақстанның егемендікке ие болуының тарихи процесі, Тәуелсіздіктің негізгі құрылымдарын құрайтын жекелеген институттарды қалыптастыру және одан әрі жетілдіру талданады.
Авторлар қатарында - Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Елбасының идеялары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша тікелей жұмыс істеген және қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің тиісті салалары мен институттарын құруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдардың басшылары бар.
Кітап саясаткерлер, заң шығарушылар, ғалымдар мен қалың жұртшылық үшін пайдалы.
Кітапты оқу үшін сілтемеге өтуіңізді сұраймыз: Заманауи Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы