news-img

"Елбасы Академиясы" Корпоративтік қорының конференциясы 200-ден астам ғалымдар, сарапшылар, Ұлттық ғылыми кеңестер, университеттер өкілдерінің басын қосты. Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов қатысты. Ол отандық ғылымды дамытудың басым бағыттары мен соңғы жаңалықтар туралы айтты, оның ішінде, биылғы жылы екі жаңа бағыт — жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеу мен білім және ғылым мәселелері бойынша зерттеулерге тоқталып өтті.

Пікірсайыс - өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасының қатысушылары, сарапшы ғалымдардың бастамасы. Топ құрамына Халида Ажигулова, Закир Жұмақулов, Ербол Дүйсенов, Бауыржан Боқаев сынды жас мамандар енген. Кездесу онлайн-конференция форматында өтті. Онда ғылымды дамыту мәселесі бойынша 11 өзекті тақырып талқыға салынды.

 «Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді дайындау» бағдарламасы, былтырғы жылдың қараша айында, «Ел Үміті» Тұңғыш Президенттің бастамасы аясында жұмысын бастаған болатын. Бұл шара Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Елбасы Академиясы мен Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бүгінде, экономиканың 11 саласында 45 өзекті мәселе анықталды, олардың шешімі үшін 35 командаға біріктірілген 200 кәсіпқой іріктелді.

Сарапшылар 2020 жылдың желтоқсанына дейін өзекті мәселелердің шешімін тауып, ұсыныстарын әзірлеуі тиіс.

Пікірталасқа қатысушылар ғылымды дамыту стратегиясын әзірлеу, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру  тұжырымдамасына өзгеріс енгізу, ҰҒК (Ұлттық ғылыми кеңестер) басымдылығын, әсіресе, гуманитарлық ғылымдар бойынша кеңейту қажеттілігімен келісті.

Бұрындары, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында 2025 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі ІЖӨ –нің 1 пайызына жеткізу қажеттігін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол «Үкімет бұдан былай ешкімге қызықсыз, маңызы жоқ зерттеу жұмыстарына қаржы бөле алмайтынын айтты».

Пікірсайысқа қатысушылар, ғылымды бағалау үрдісінің экономикалық және әлеуметтік әсерін ескеру қажет екенін айтып өтті. Олар ғылымның тиімділігін арттыру мақсатында университеттер деңгейінде ғылыми жетекшілерді іріктеу жүйесін өзгерту керек деп есептейді. Жеке бизнес үшін преференциялар бойынша мемлекеттің стратегиялық саясатын дұрыс қалыптастырып, салық мөлшерін азайтқан жөн, дейді сарапшылар. Сонымен қатар,  олар даму институттарын қысқартып, ғылыммен өзара әрекет жасауы үшін университеттерде даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялық аймақ құру, аймақтық ғылымды дамыту, Халықаралық «Erasmus» бағдарламасының үлгісі бойынша аймақтық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар білдірді.

Конференцияда жемқорлық қауіпін жою мәселесі де қозғалды. Ғылымдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында бүгінгідей бағаны төмендетудің орнына, арттыруға тендер өткізу ұсынылды.

Талаптар күшейтілуі тиіс. Әр ғылыми еңбектің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік және техникалық қайтарымы болуы қажет.  Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұлттық ғылыми-техникалық мақсаттар негізінде үйлестірілгені абзал. Медико-биологиялық зерттеулер, аграрлық ғылым, «жасыл» технологиялар, жасанды интеллект, энерготиімділік сынды салалар ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Пікірталас барысында ғалымдардың мәртебесін көтеру мен Білім және ғылым министрлігін Ағарту және Жоғарғы білім мен ғылым министрлігіне бөлу ұсынысы айтылды. Сарапшылардың пікірі екіге бөлінді. Бір жағынан, мұндай тәсіл барынша тиімді шешім қабылдап, мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді және  ғылыми-зерттеу жұмысын ынталандыра түседі. Сарапшылар мектепке дейінгі және орта білім саласы да білім сапасын жақсарту мақсатында тиімді шешімдердің қабылдануын талап етеді. Бұл ұсынысты сарапшылар бірлестігі бұрындары да талай айтқан болатын.

Конференцияны қорытындысы бойынша, ғылыми-техникалық саласын жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленді. Оның ішінде ғылыми институттардың инфрақұрылымдық бөлігін дамыту мәселесі көтерілді. Барлық ұсыныстар мен шешімдер жақын арада рәсімделіп, ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесіне және салалық министілікке жіберілетін болады.

 

 «Елбасы Академиясы» КҚ баспасөз қызметі
+7 701 387 70 69

 

Түсініктеме қалдыру