news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Елбасы Академиясы "Мың бала" ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиаданың қорытынды нәтижелерін қуана хабарлайды.

Жоба Елбасының талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «Ел үміті» бастамасының  аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе жүзеге асырылуда. Бұдан былай олимпиада жыл сайын өтетін болады.

Олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды.

     Жеңімпаздар тізімі төмендегі сілтемелер арқылы қолжетімді:

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 6-сыныптың 30 қатысушысы білімін Республикалық физико-математикалық мектепте жалғастыра алатынына назар аударамыз. (Алматы қаласындағы филиал).

Республикалық физико-математикалық мектеп филиалына қабылдауға ұсынылған қатысушылар тізімі:

Тізімдегі балалардың заңды өкілдері 7170 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, мектепке қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсынуы тиіс.

6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.

Жоғарыда аталған мектептерге өтініш беру үшін 7170 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz порталына тіркелу үшін деректер алу қажет.

Тіркеуге қажетті ақпаратты (логин және құпиясөз) алған сон, www.fnn.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп қажетті мектепті таңдап, өтініш қалдыру қажет. Өтініш беру жөніндегі бейненұсқауды сілтеме арқылы көруге болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Өтініш беруге арналған парақша 2020 жылдың 5 қыркүйегінде, сағат 15:00-де іске қосылады. Қабылдау мерзімі 7 қыркүйек күні сағат 15:00-те аяқталады. Өтініштерді қарау мерзімі - 3 жұмыс күні.

5 сыныпты аяқтаған жеңімпаздарға арналған ақпарат

Еліміздегі дарынды балаларға арналған мектептердің басым бөлігі оқушыларды 7 сыныптан бастап қабылдайды. Сондықтан 5 сынып аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болады. 

Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде әр қатысушыға жеке даму жоспарын құруға көмектесетін тьютор бекітіледі, ол оқушымен бірге жеке даму жоспарын жасайды. Қашықтан оқыту мектебігһнде білім алу ақысыз ұйымдастырылады.

Еліміздің үздік мектептерінің жетекші ұстаздары балалардың жаратылыстану-математикалық бағыт және тілдер бойынша білімін  шыңдайды. Жобалық іс-шаралар да қарастырылған. Бір жыл ішінде қатысушылар келесі жылы дарынды балаларға арналған мектептердің 7-сыныбына түсу үшін білімдерін жетілдіре алады. Сабақтар 2 тілде (қазақ және орыс) өткізіледі. Кері байланыс портал, аудио және бейнеконференциялар, телеграм мен whatsapp мессенджерлерінде хабарлама алмасу арқылы жүргізіледі.

Қатысушылардың заңды өкілдері 7170 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, қашықтан оқыту мектебіне қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсынуы тиіс.

"Мың бала" Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысқан 4 мың қатысушыға қажет ақпарат

Олимпиаданың екінші кезеңінің қатысушылары Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінің білім ресурстарына тегін кіріп өз бетінше білімін шыңдай алады. Олар үшін қосымша сабақтар және пән мұғалімдері тарапынан кеңес алу кестесі бекітіледі.

Білім ресурстарына тегін кіру мүмкіндігін алу үшін қатысушылардың заңды өкілдері 7170 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақпаратты ұсынуы тиіс.

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысқан барлық оқушылардың тізімін қарау:

Медиа жаңалықтар
Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Салеметсиздерме! Мын бала олимпиадасына катынаскан оқушылар 1000 бала ішіне өтпеген жағдайда басқада мүмкіншіліктер бар депсиздер. Соларды атап отсениздер

comments-author-avatar
сәлеметсізбе сіздің сайтқа кіре алмай отырмын

comments-author-avatar
мақала жіберу керек еді