Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаһарман адамдардың таңғажайыпқа толы тарихын көрсетеді

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры көпшілк көңілінен шыққан жарқын, батыл, күшті, мақсатты және дарынды адамдар туралы бейнероликтер топтамасын қайтадан назарларыңызға ұсынада.
Жаңа бейне цикл ішкі күш, ерік-жігер мен табандылықтың арқасында әсерлі жетістіктерге жетіп, басқаларға өмірлік бағыт көрсететін адамдардың әсерлі, таңғажайып және қызықты оқиғалары туралы баяндайды.
«Qaharman qazaq» жобасы - қарапайым емес жағдайларда өзгелерге көмектесе отырып, батылдық пен қайсарлық танытқан нағыз батырлар туралы.
"Ел мақтанышы" - ерекше қажеттіліктері бар адамдар туралы әңгімелер сериясы, олар бәріне қарамастан қиындықтарды жеңіп, сүйікті ісінде жетістікке жеткендер.
"Innovator.kz" - бұл ғылым мен шығармашылықта өзінің ерекше қабілеттерін көрсететін жас таланттар мен өнертапқыштарға арналған бейнероликтер.
Бейнероликтер топтамасын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Youtube-каналынан көруге болады.