news-img

Астанада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) қолдауымен Whiteshield Partners Ғаламдық Консалтингтік компаниясымен бірлесіп Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен жеке сектордың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында WhiteshieldPartners компаниясы секторға жүргізілген талдаудың негізгі нәтижелерін, агроөнеркәсіптік кешеннің түрлі секторларының әлемдік және жергілікті трендтерін таныстырды.

Қатысушылар АӨК саласында: мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы, кәсіпорындар үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу мәселелері, жер учаскелері мен су ресурстарының қолжетімділігі сияқты бірқатар жүйелі міндеттердің бар екендігін атап өтті.

«Тәуелсіз сараптамалық алаңдардағы мемлекеттік ұйымдар мен жеке бизнестің тұрақты диалогы Қазақстан экономикасының салаларын дамыту үшін қажетті шарт болып табылады. Дөңгелек үстел аясында экспорттың өсуі тұрғысынан жоғары әлеуеті бар агроөнеркәсіп кешенін дамыту, тұрақты жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні АӨК-де жұмыс күшінің шамамен 14%-ы еңбек етеді, сондықтан бүгінгі күні осы саланың дамуына қосымша серпін беру өте маңызды. Сарапшылар АӨК алдында тұрған бірқатар негізгі сын-қатерлерді белгіледі.  Оларға қаржыландыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын өсіру, жерді тиімді пайдалану және басқа да мәселелер жатады. АӨК дамыту бойынша әр түрлі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы секторды басқа салалар сияқты дамыту ауыл шаруашылығы Министрлігінің құзыретінен тыс кешенді міндет болып табылатынын атап өткен жөн. Олардың ішінде: кадрларды даярлау, кедендік бақылау, капиталдың қолжетімділігі, логистикалық инфрақұрылым және тағы басқалар бар. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында бірыңғай нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі органдардың үйлестірілуін қамтамасыз ету өте маңызды», - деп атап өтті, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ "Бәсекеге қабілеттілік, нақты сектор және инновациялар" бағдарламасының басшысы Сабит Суханов.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар мен жеке сектор өкілдері арасындағы үшжақты диалогтың болуына жағдай жасайды.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру