news-img

Кеше, 2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.

Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Жалпы, "Елбасы медалі" бағдарламасы 2020 жылы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Здравствуйте, я бы хотела узнать когда будет следующий список обладателей бронзовой медали, которые начали в июне месяце, и будет ли он?

comments-author-avatar
Сіздерге көп көп рахмет! Менің оқушым осы жобаға қатысып, Қола медаль иеленді. Марапаттау қалай жүргізіледі?