«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баршаға қолжетімді болатын, танымал қазақстандық тұлғалармен тегін мотивациялық сессиялар ұйымдастырады.

«Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» жастар форумы биылғы жылдың басты шараларының бірі болмақ.

Онлайн шара 15 желтоқсанда сағат 14:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтында өтеді (fnn.kz). Сессиялар барша қазақстандықтарға қолжетімді.

Шара барысында танымал спикерлер – спортшылар, кәсіпкерлер, блогерлер және сарапшылар тақырыптық мотивациялық сессиялар өткізеді.

Қазақстандық блогер  Өркен Кенжебек медиа сауаттылық, инфодемия мен фактчекингті арттырудың өзекті мәселелері туралы әңгіме қозғайды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанда креативті экономиканы дамыту командасының көшбасшысы Эрнар Құрмашев,  «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, Жетіқара қаласындағы №12 орта мектеп мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Алина Алимбаева, «Кешкі кездесу» бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасыған  креативті ойлаудың және шығармашылық тәсілді тиімді қолданудың маңыздылығы туралы ойларымен бөліседі.

Рамиль Мухоряпов тиімді онлайн-жобаларды іске қосу тәжірибесімен және алғашқы инвестицияларды тарту жолдары туралы айтады.

Пауэрлифтингтен Азия чемпионы, фитнес жаттықтырушы Валихан Тен мен Қостанай қаласының дәрігер-инфекционисті Галина Белобржицкаямен өтетін сессияда  COVID-19 -дан кейін иммунитетті қалпына келтіру жоолдары туралы білуге болады.  Паралимпиадашы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Серік Есматов қатысушылармен кедергілерді жеңу және өзіне сену тәжірибесін ортаға салады.

Түсініктеме қалдыру