news-img

29 желтоқсан күні сағат 17.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ашық аспан астындағы жаңа мұз айдыны жұмысын бастайды. Мұз айдыны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің саябақ аймағында орналасқан (Бөкейхан көшесі, 1б).
Мұз айдынының ауданы – 1 000 м2 және 150 адамға есептелген. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдық қызметін пайдалану тегін және күн сайын.
Жұмыс уақыты: тәулік бойы.
Мұз айдынының жанында балаларға арналған «Бублик Кросс» тегін аттракционы орналасқан.
Мұз құюдың тұрақты процесі мұз айдынының тиісті сапасын қамтамасыз етеді.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қонақтар Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Түсініктеме қалдыру