news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінде ғылым, технология және техниканың басым бағыты бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми жобалар мен жас ғалымдардың еңбектерін қаржыландыруға арналған гранттарға байқау жариялады.

 

Байқаудың мақсаты – жоғары деңгейдегі инновациялық әрі әлеуметтік маңызға, импорт алмастырушы әлеуетке ие Қазақстандағы жас ғалымдардың болашағы зор ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

 

Іріктеуге ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор), ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысатын (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесіндегі қызметкерлер), Қазақстан азаматы әрі 40 жастан аспаған ғалымдар қатыса алады.

 

2021 жылдың 26 наурызы мен 25 сәуірі аралығында қатысуға өтінім беруге болады.

 

Грант бөлу ережесі мен қатысуға өтінім.

 

Байланыс телефоны:

 

Жобаның аға үйлестірушісі: Едігеева Роза Мақашқызы

 

+7 727 305 36 23

roza@fnn.kz

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Здравствуйте! В этом году ещё будет приём заявок для участия в конкурсе? В СМИ не было никаких объявлений о данном конкурсе. И когда в основном идёт приём заявок на данный конкурс?