news-img

2 және 3 сәуірде бүкіл ел аумағында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Олимпиаданың бірінші кезеңі өтеді. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Birge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға Қазақстандағы ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.

«Мың бала» Олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалайды. Тестілеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында онлайн-форматта өтеді.  Өңірлер қимасында ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады. Оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік беріледі.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «El Úmiti» бастамасы аясында ұйымдастырылған. Олимпиаданы «Елбасы Академиясы» КҚ  ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Тіркелген қатысушылар үшін маңызды ақпарат:

  • Тестілеуді 2 және 3 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 09:00-ден 21:00-ге дейін өтуге болады;
  • Тесті бастамас бұрын логин мен құпиясөз бар екеніне көз жеткізіңіз. Логин - тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөмірі, ал құпия сөз - тіркелу кезінде өзіңіз көрсеткен сөз.
  • Тест алдында құрылғы (смартфон, планшет, компьютер) тұрақты интернетке қосылғанын анықтаңыз. Олимпиаданы ұйымдастырушылар интернет-байланыстың сапасы мен құрылғылардың жарамдылығы үшін жауап бермейді. Тестілеу кезінде интернет байланыс үзілген жағдайда тестілеу аяқталады;
  • Сұрақтарға мұқият жауап беруді сұраймыз. Себебі алдыңғы сұраққа қайта оралуға және қандай да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік болмайды;
  • Қандай да бір санатқа жататын қатысушылар үшін артықшылықтар көзделмегеніне назар аударамыз. Қайта тапсыруға немесе апелляция беруге болмайды.
  • Тест нәтижелері тестілеу аяқталған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде жарияланады.
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Не могу зарегистрировать ребенка Помогите

comments-author-avatar
Қалай қатысады